Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2121 0 пікір 27 Мамыр, 2009 сағат 05:27

Жәкішев қамауға алынғаннан кейін «Вестингхаузбен» келісімшарт және басқа да жобалардың жүзеге асырылуы екіталай – «Қазатомөнеркәсіп» қазынашылығының директоры

Алматы. 26 мамыр. ҚазТАГ – «Қазатомөнеркәсіп» қызметкерлері ұлттық компанияның бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің қамауға алынуы салдарынан шетелдік әріптестермен көптеген уағдаластықтарды жүзеге асыруда қиындықтар туындайды деп есептейді. Бұл туралы «Время» газетінің сейсенбі күнгі номерінде айтылған.

«Мұхтар Жәкішевтің ұсталып, қамауға алынуы салдарынан бұл жоспарлардың барлығын жүзеге асыру үлкен мәселеге айналып отыр», - деді газетке сұхбат берген «Қазатомөнеркәсіп» қазынашылығының директоры Ғалым Назаров.

Оның пікірінше, «бизнес әлемінде бәрі болмаса, көбі компания басшысымен жеке қатынастардың, оған деген сенім мен оның беделінің арқасында құрылады».

«Сөзіме дәлел болу үшін айта кетейін, «Тошиба» компаниясы «Қазатомөнеркәсіптен» «Вестингхауз» акцияларын қайтарып алатыны сөзсіз, өйткені келісімшарт Жәкішев пен «Тошиба» компаниясының президенті Атсутоши Нишиданың жеке қатынастарының арқасында ғана жасалды, Нишида Жәкішевке сенеді», - дейді Ғ. Назаров.

Ол «Қазатомөнеркәсіп» бүкіл әлем бойынша АЭС салатын «Вестингхауз» компаниясының 10 пайыз акциясын сатып алғанын еске салды. «Осылайша, құрылыстан түскен кіріс Қазақстанның бірнеше жылдағы барлық табиғи ресурстарын сатудан түскен табыстан асып түсетін еді. Және біз жоғарғы технологияларға қол жеткізе алатын едік, ал ақырғы бөлістен шығатын қосымша құн елде қалатын еді», - деп түсіндірді ұлттық компанияның өкілі.

Сондай-ақ, ол алдағы уақытта «Қазатомөнеркәсіптің» контагенттерімен қиындықтары туындап, қол жеткізілген уағдаластықтар қайта қаралуы мүмкін» екенін жоққа шығармады. «Жапониялық фирмалармен бірлескен кәсіпорындардың басшылары қамауға алынды – сіздің пікіріңізше, бұған біздің Жапониядағы әріптестеріміз қалай қарайды? Менің ойымша, олар қазір түсініктеме сұрап үкіметтік деңгейге шығады, өйткені бұл әлемдегі ең жақсы дамыған елдердің энергетикалық қауіпсіздік мәселесі. Ал бұл жаңадан келіссөз жүргізілетінін білдіреді, онда біздің осал тұстарымыз көп болады, өйткені елдің мүддесін қорғай алатын мамандар қамауға алынды. Сіздерге ұзақ әңгімелеуге тура келетін Мұхтардың жоспарлары жүзеге асырылған жоқ, олар меморандумдар, келісімдер және т.б. түрінде ғана бар. Оларды жүзеге асыру үшін, келісімдердің орындалуына қол жеткізу үшін көп тырысу қажет», - дейді Ғ. Назаров.

«Қазір «Қазатомөнеркәсіп» басшысынан айырылғаннан кейін көптеген жоспарларды ұмытуға тура келеді. Біз бірнеше жылға артқа қадам жасаймыз және бүгінгідей жағдайда қайтып оралмаймыз деп қорқамын. Қиындықтар қазірдің өзінде басталды.Компанияның қызметі тоқтады, төлемдер жасалмай жатыр, шетелдік әріптестермен, соның ішінде «Росатоммен» жұмыс та тоқтап қалды...», - деді ол.

«Қазатомөнеркәсіп» қазынашылығының басшысы қылмыстық қудалаудың себептеріне де күмәнмен қарайтынын жеткізді. «Табысты гүлденіп жатқан ұлттық компанияның топ-менеджерлерін бір күнде қамауға алатындай маңызды себептерді көрмей отырмын. Бізді жыл сайын Есеп комитеті тексереді, ревизорлардың есебінде ең көп дегенде техникалық қателер туралы айтылған, бірақ онда құқық бұзушылықтар, тіпті қылмыстар туралы бір сөз де болған жоқ», - деп мәлім етті ол.

Компания қызметкері оқиғалардың себептерін «Қазатомөнеркәсіп» кеніштерінің энергетикалық инфрақұрылымын жобалау бойынша тендерде жеңіске жеткен компаниямен» келіспеушіліктен іздеу керектігін жоққа шығармайды. «Мүмкін, бұл компанияның артында ықпалды біреу тұрған шығар, өйткені олар Мұхтар Жәкішевтен ультиматум түрінде кіші станциялар мен электр жеткізу желілерінің бүкіл құрылысын соларға беруді талап етті, бірақ біздің басшылық олармен жобалау жұмыстарынан ары бармауға тиіс еді. Әрине, ол бұл компанияның талаптарымен келіспеді, өйткені мұндай жағдайда, бүкіл шығындар компанияның бюджетіне тиетін еді. Мұхтар ақшаның босқа шашылуына жол бере алмады, тіпті одан бұл туралы қатты өтінсе де. Біз өзге жолды таңдап, өндіруші компанияларға осы инфрақұрылымның құрылысына ақша салуды ұсындық, осылайша көп қаржыны үнемдедік. Бірақ дау туындағанда, біздің дұрыс жасағанымыз айқын көрінді, сондықтан қандай-да бір санкциялар қолданылған жоқ. Алайда ол адамдар өкпесін ұмытқан жоқ, ал биылғы жылы саяси құрылым олардың пайдасына қалыптасты, ал бұл біздің елімізде ақиқаттан да артық мағынаға ие», - деді Ғ. Назаров.

Сондай-ақ, ол даудың саяси құрамдасы туралы сұраққа да жауап берді. «Жәкішев пен Әблязов – жақын достар, бірге оқыған, жатақханада бір бөлмеде тұрған. Бұл көп жағдайды түсіндіреді, Татьяна Квятковскаяның айыптауларында бұл адамдардың есімдері үтір арқылы аталатыны тегін емес. Бүгін Әблязов тағы да қатаң оппозицияда, сондықтан онымен байланыста болғандардың барлығына көлеңке түстін шығар. Бірақ, тағы да қайталаймын, талап «Қазатомөнеркәсіптің» экономикалық саясатына ғана қатысты, - деді «Қазатомөнеркәсіп» қазынашылығының директоры Ғалым Назаров «Время» газетіне.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5440