Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 6478 0 пікір 30 Қаңтар, 2010 сағат 06:51

Назарбаев өндірістегі нақты инновация деген не екенін түсіндірді

Астана. 29 қаңтар. ҚазТАГ– Дина Ермағанбетова. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өндірістегі нақты инновация деген не екенін түсіндірді.

«Мен айтқанмын да және тағы айтқым келеді: инновация халық үшін қарапайым тілде – ол жаңалық, ғылымның өндіріске енгізілуі. Инновация дегеніміз - еңбек өнімділігін айтарлықтай арттыратын іс. Бірақ әрбір инновация қандай да бір уақытта өз шегін сарқиды. Міне сонда іске ғылым араласады, сол кезде қандай да жаңа нәрсені ойлап табу керек – қандай да тетік не жабдық қою керек. Мәселе осындай, егер қарапайым тілмен, саусақпен түсіндіріп айтатын болсақ», - деді Н. Назарбаев, жұма күні «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде.

Президент жаңа технологиялардың өндірістегі мысалы ретінде «бір жабдықтар бір тонна ұн тартатын болса, басқасы – 150 тонна тарта алатынын» келтірді. «Міне инновация осы, және осыған бағыт алу керек (бизнесте – ҚазТАГ). Біздің жеке компанияларға айту керек (инновацияны енгізу қажеттігі туралы – ҚазТАГ), өйтпесе олар бір-екі жылдан соң банкрот болады», - дейді мемлекет басшысы.

«Бұл біз үшін ең бастысы болды, және бұған байыппен қарау керек. Бұл – қарапайым іс емес», - деп атап өтті ол.

Н. Назарбаев өзінің биылғы жолдауында үкімет алдына инновацияны белсенді енгізіп және еңбек өнімділігін арттыру туралы міндет қойды. Президент Қазақстанда бір жұмысшы жылына $17 өндіретінін, ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш $90 мың екеніне қынжылыс танытты.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036