Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 13639 0 пікір 6 Ақпан, 2010 сағат 11:09

Алабайдың атасы – қазақы төбет

Осыдан азғантай уақыт бұрын «Маңғыстау» газетінде «Алабай» атты мақалам жарық көрген болатын. Сөйтсек, табиғатында саятшы, аңқұмар, құмай тазы мен қыран құс дегенде делебесі қозып шыға келетін замандастарымыз аз емес екен. Мені танитын бірнеше кісі бұл мақала ағайындар бас қосқан жерлерде айтылып, талқыға түсіп жүргенін айтты. Телефон шалып, пікір айтқандар да болды. Алабайды дәріптеп, кәдімгі қазақы төбетке мән бермегенімді сөккендер де бар. Бір қария: «Айсағали деген бала сенбісің? Менің өмірімнің көбі түрікпен арасында өтті. Сол түрікпендер бұрын алабай итті «қазақы төбет» деп атайтын-ды. Қызылдан ауып барған біздің адай апарған ол итті түрікпенге. Оны білмей, алабайды түрікпеннің иті дегенің қай шатасқаның?» - деп ұрсып та тастады...

11 жасымда шешем біреуден түйе сатып алатын болып, жол-жөнекей машинаға ілесіп, Форттан Тельманның, қазіргі Сайын ауылының іргесіндегі бір үйге келдік. Арыстандай нән төбетті тұңғыш рет сонда көріп, есім кете таңғалғанымды ұмытқаным жоқ. Содан бері де малшы ауылдарынан осындай маңтөбеттерді бірнеше рет кездестірдім. Соның бірін марқұм Жылқышы Ниетбаев деген шопанның үйінен көрдім. Тайыншадай нән ақ ит еді. «Әдеті сол күндіз-түні қой қораның төбесінде жатады. Бұл барда қасқырдан қорықпаймын», - деп еді Жықаң.

Кім екені есімде қалмапты, Сам құмында отырған бір шопанның үйінен де тұрқы нән, ерекше айбатты итті көргенім бар. 1980 жылдардың басында қыс қаһарына мініп, қасқырдың құтырынған бір жылы болды. Сонда әлгі төбет бір қыста бес қасқыр алған екен. 1939 жылы Қазақстанда тазының саны - 7 мың, ал төбет 19 мыңға жетеғабыл болған екен. Ал бүгінде еліміз бойынша тазының 300-дей, қазақы төбеттің 1 мыңға жетер-жетпес қана тұқымы қалыпты. Оның да қаны тазалары бар ма, жоқ па - тап басып айтар ешкім жоқ.

Бұлайша тұқымының құрып кетуіне мамандар «репрессия кезінде елден ауа көшкен күйлі кісілермен бірге нағыз таза қанды дүрегей төбеттердің де кетуі себеп болған» деседі. Сонымен қатар кеңес дәуірінде ел арасына жиі-жиі шығып, ит біткенге қырғидай тиетін ит атқыш бригадалар да кінәлі. Біздіңше, төбет тұқымының құрып, азуына қолда бардың бағасын білмеген, сақтамаған, кез келген ит атаулымен шағылыстырып, ұсақталып кетуіне жол берген қазақтың өзі кінәлі.

Жағда БАБАЛЫҚҰЛЫ, этнограф:
- Таутөбет - тау, таудай, үлкен, ірі, дәу, кесек дегеннен туған сөз. Таутөбеттер үйшікке жатпайды. Қар немесе мұз үстіне жата салса да, аязға еш тоңбайды. Әлемдегі 116 ит түрі ішінде қазақтың таутөбеті ең ірісі болып табылады. Оның кеудесі, мойны, тұмсығы - жуан, басы, аузы - үлкен, тістері - ірі, езулері салақтап жүреді. Тұмсығы келтелеу болса да, жуан болып келеді. Жүні қалың, ұзын қылшықты. Бас жүні бет-аузын жауып тұрады. Құлақтарын да жүн басып алған. Денесін де қалың түбіт қаптаған. Екінші түрінде жүні сәл тықырлау, алайда түбіті қалың шығады.

Тарихтан төбет туралы
Төбет иттердің шығу тегі жайындағы мәлімет көздері б.э.б. 1121 жылдардан басталады. Қазақы төбет қаңқалары Шығыс Еуропадан Қиыр Шығысқа дейінгі мұздақ дәуірі алдындағы климаттық зоналы өлкелерден табылған.
Көшпенділер өмірі дәстүрлі түрде жылқы малымен тығыз байланысты. Марко Поло ХІІІ ғасырдағы қазақтар туралы жазбаларында ойға сыймайтын алып денелі, ерекше күшті иттер жайында былай деп жазып кеткен: «Тайыншадай биік денелі иттер тағы аңдарды аулауда, күзетте және ауыр жұмыстарда тамаша серік». Шағатай ұлысынан саяхатшы қасқыр алатын бұл иттерді хан сарайынан кезіктірген. Оларды өсірумен ханның екі бауыры айналысқан. Ит саны 10 мың бас көлемінде болған. Қасқыр алар иттердің хан сарайында осынша мән беріліп, арнайы өсірілуі еріккеннің ермегі емес, жыртқыштармен жағаластырған көшпенді өмір талабы еді.

(tobet.kz сайтынан)

Түрікпендер алабайы мен ақалтекесін, аруанасы мен кілемін ұлттық мақтанышы етіп әлемге әйгіледі. Ондай мақтанар жәдігерлеріміз бізде де аз емес. Тек соны бағалай алмай жүрміз. Қазақы төбеттің тұқымы құрып кетпеген шығар, әлі де малшы ағайындардың сенімді серігі болып, алыс ауылдарда жүрген шығар деген үміт бар. Соны түгендеп, неге дәріптемеске? Сонда алабайдың атасы қазақы төбет екенін ғылыми тұрғыда дәлелдеп алар едік-ау...

Айсағали Қыдыр, Ақтау

16 Қаңтар 2010

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377