Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2816 0 пікір 20 Ақпан, 2010 сағат 07:29

Ванкувердегі Олимпиадада қазақстандық Алексей Королев трамплиннен секіруден финалға шықты

Алматы. 20 ақпан. ҚазТАГ -  Ванкувердегі Олимпиадада қазақстандық Алексей Королев трамплиннен секіруден іріктеу (К-125) жарыстарынан өтіп, финалға шықты.

Квалификациялық іріктеуге барлығы 51 спортшы қатысып, финалға шығу үшін үздік 40-тың ішіне ену қажет болды. Негізгі кестеге бірден 10 үздік спортшы – осы маусымның әлем кубогының көшбасшылары енді.

А.Королев 123,5 м-ге секіріп, отыз екінші нәтижемен финалдық кестеге енді.

Өкінішке қарай, біздің екінші спортшымыз Николай Карпенко қырық бірінші орын алып, финалдық кестеге енбей қалды.

Финалдық жарыстар ертең, 21-ші ақпанда, Астана уақытымен 1 сағат 30 минутта басталады.

Олимпиадалық жарыстың жетінші күні медальдарының көптігі жағынан алда АҚШ құрамасы(6 алтын, 6 күміс, 8 қола). Екінші орында Норвегия командасы (5 алтын, 3 күміс, 2 қола), үшінші - Германия (4 алтын, 5 күміс, 4 қола) командасы. Қазақстан бір күміс медальмен жиырма екінші орында.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3239
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379