Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4699 0 пікір 22 Ақпан, 2010 сағат 04:44

Алматы облысында бүркітшілердің республикалық «Сонар – 2010» жарысы аяқталды

Талдықорған. 20 ақпан. ҚазТАГ – Алматы облысының Райымбек ауданы Сарыжаз аулында бүркітшілердің республикалық «Сонар – 2010» жарысы аяқталды, деп хабарлады облыстық туризм және дене шынықтыру мен спорт басқармасынан.

Жарысқа Қазақстанның барлық облыстарынан келген 40 бүркітші мен 8 қыраншы қатысты. 

Бүркітшілер арасында бірінші орынды Алматы облысынан Ақиық бүркітімен Шәліпов Алдаберген алды, екінші орында – Атырау облысынан Ақ жайық бүркітімен Қошқаров Арман, үшінші орынды – Ақтөбелік Сәрсенбаева Аякөз өзінің Елек бүркітімен алды.

Қыраншылар арасында: 1-ші орында – Тараз тұрғыны, Түнжыркөк қыранымен Бауыржан Шернияз, 2-ші орында – Оңтүстік Қазақстан облысынан Көксүңгі қыранымен Тілеу Сырым, 3-ші орында – Алматы облысынан Көкжендет қыранымен  Зейнелов Мейрамбек алды.

Алғашқы бес орын алғандарға 15 мыңнан 100 мың теңгеге дейінгі ақшалай сыйлық берілді.

Жарыстың ұйымдастырушылары Алматы облысының әкімдігі мен «Қыран» федерациясы, ал жарыстың демеушісі Ксеll компаниясы болды.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1016
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2556
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 707
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 676