Сенбі, 19 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3858 0 пікір 23 Ақпан, 2010 сағат 03:52

Жемқорлық жайлаған елдердің «жарысынан» хабардар болу үшін...

Жемқорлық жайлаған елдердің «жарысынан» хабардар болу үшін халықаралық Transparency International ұйымының тізбесіне жүгінетініміз бар емес пе? Осы тізім бойынша еліміз былтыр ғана 145-ші орынды босатпаса, биыл 120-шы орыннан көрініпті. Бұл жайында бүгін белгілі болды. Айта кетерлігі, 120-шы орынға жалғыз біз ғана жайғаспай, Армения, Боливия, Эфиопия, Моңғолия, Вьетнамға да орын табылыпты. Рейтингке іліккен 180 елдің ішінде Ресей мен Украинаға - 146, Тәжікстанға - 158, Қырғызстанға - 162, Түркіменстанға - 168, ал Өзбекстанға - 174 орын бұйырды. Былыққа белшесінен батқан елдер ретінде Ауғанстан мен Сомали аталса, ал Жаңа Зеландия, Дания, Сингапур, Швеция мемлекеттерінде парақорлық деңгейі ең төмен көрінеді.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2033
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4889
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4086