Қазақстан қытай экономикасының дамуына барлық жағынан жәрдемдесуге даяр – Саудабаев
Бейжің. 22 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстан қытай экономикасының бұдан ары дамуына барлық жағынан жәрдемдесуге даяр, деп мәлімдеді ҚР мемлекеттік хатшысы – сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев ҚХР-ға сапары алдында «Жэнминь жибао» үшін жазған мақаласында.
Қазақстандық министр мақаласында Қазақстан мен ҚХР арасындағы экономикалық ынтымақтастыққа ерекше назар аударған.
«Біз Қазақстанда, дағдарысқа қарсы ҚХР-дың басшылығы жүргізіп отырған жауапты және әбден тексерілген саясатын қуаттап, қолдаймыз. Шындап келгенде Қытай тек аймақтың ғана емес, бүкіл әлемдік экономиканы ауыр дағдарыстан шығарудың «локомотиві» болып отыр. Аймақтағы және әлемдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі өз тәжірибесін еске ала отырып Қазақстан қытай экономикасының одан ары дамуына барынша жәрдем беруге даяр», -деп жазады қазақстандық министр.
Ол стратегиялық серіктестіктің негізі ауқымды сауда-экономикалық өзара әрекеттесу екендігін атап өтті.

«1992 жылдан бері Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты сауда көлемі 25 есеге дейін көтеріліп, 2008 жылы $17,5 млрд мөлшеріндегі рекордтық сомаға жетті. Қытай біздің экономикаға $9,3 млрд шамасында бірлескен инвестиция салған аса ірі инвесторлардың бірі болды. Біз сонымен бірге, маңызды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға $13,5 млрд шамасында қаржылық көмек беріп отырған Қытайға ризашылығымызды білдіреміз. Бұл қадам Қазақстанның жаһандық қаржы дағдарысының теріс салдарын жеңуде маңызды рөл атқарды», -делінген ҚР мемлекеттік хатшысының мақаласында.
Қ. Саудабаев, сонымен бірге, екі ел арасындағы саяси сенім мен өзара түсіністіктің жоғары деңгейі туралы айтады.
«Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР төрағасы Ху Цзиньтаоның арасындағы өте жылы және сенімді қарым-қатынастар осының дәлелі және олар екіжақты барлық қарым-қатынастардың кешеніне анықтаушы серпін береді. Дипломатиялық қарым-қатынастар орнағалы бері президент Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға 12 рет сапармен келді. Тек соңғы 7 жылдың ішінде біздің елдеріміздің басшылары 18 рет кездескен», -делінген мақалада.
ҚР мемлекеттік хатшысы қазақстан-қытай ынтмақтастығын барлық салада жалғастыруға шақырды.
Қ. Саудабаев ҚХР сыртқы істер министрі Ян Цзечидің шақыруымен Қытайға 22-24 ақпан аралығында барады. ҚР СІМ хабарлағанындай, түстен кейін СІМ басшысы Пекинге ұшып кетеді.