Алматы облысының депутаттары Алматы маңайының бас жобасын мақұлдады
Талдықорғган. 22 ақпан. ҚазТАГ– Алматы облысының депутаттары облыстық мәслихаттың төртінші шақырылымының кезектен тыс ХХIХ-шы сессиясында Алматы маңайының ҚР үкіметінің тапсырмасымен жасалған бас жобасын бір ауыздан мақұлдады, - деді облыстық мәслихаттан.
Алматы маңайының бас жобасын жасаған «Урбостиль» ЖШС жобалық қала құрылыс фирмасы.
Оның директоры Любовь Нысанбаеваның айтуынша, Алматы облысының әкімдігімен «Оңтүстік субөңірдің қала құрылыс дамуының кешенді сұлбасы» жобасын дайындалған. Жоба Алматы қаласының маңайындағы аудандар: Қарасай, Талғар, Іле аудандары мен Алматы-Қапшағай бағытын қамтиды.
Аталған жобаның принципті шешімі бас жобаның негізгі қағидаларында көрініс тапты, деп түсіндірді Л. Нысанбаева.
Л. Нысанбаева бас жобаның негізгі қағидаларымен, оның ішінде қала маңының құрылыс тұжырымдамасымен, демографиялық ахуалмен, жобалық шешімдермен, атап айтқанда Алматыны бақ-қала ретінде, экономикалық база, көлік инфрақұрылымы, сумен, электрмен, газбен , жылумен т.б. қамтамасыз етілуін таныстырды.

Өз кезегінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Амандық Баталов қала маңының шекарасы қалыптасқан әкімдік аумақтық бөлімдерді өзгертпейтінін, олар өзінше дербес анклавқа бөліндейтінін атап көрсетті. Қала маңындағы жерлер және қала құрылыс реттеу аумақтары Алматы облысының әкімдігінің қарамағында қалып отыратынын жеткізді.
Аталған аумақтардағы құрылыс нысандары мен кешен құрылыстарына қатысты шешімді тек облыс әкімдігі ғана шеше алады, деп атап көрсетті А. Баталов.
Оның айтуынша, бас жобаның жоқтығы құрылыс жүйесінде бейберекттікке жол беріп, өте маңызды жобаларға қажет жердерді өте қымбат бағаға сатып алуға тура келген.
Үйлестіруден соң бас жоба үкімет талқысына шығарылып, одан соң заңды бекітілетін болады.