Сенбі, 3 Мамыр 2025
Жаңалықтар 2995 0 пікір 10 Наурыз, 2010 сағат 04:53

Ел мектептеріндегі спорт залдар талапқа сай емес

Ел мектептеріндегі спорт залдар талапқа сай емес. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті. Бас прокуратура жүргізген тексерулер барысында дене шынықтыру пәнін өткізу жиілігі барлық жерде орындалмайтындығы, мүгедек балалардың құқы сақталмайтындығы, спорттық залдардың талаптарға мүлдем сәйкес келмейтіндігі анықталды.

Тіпті кейбір мектептерде спорт залдары мүлдем жоқ болып шықты. Ал дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің арнайы білімі жоқтығы анықталды. Бас прокуратураның мәліметінше, мемлекеттік білім беру стандартында мектепте жүзу және шаңғы тебу дайындығы бойынша білім берудің міндеттілігі бекітілген. Алайда, еліміздің көптеген мектептерінде бассейндердің және шаңғы базаларының жоқ болуына байланысты стандарттың бұл талабы орындалмай отыр. Спорт залдарының жабдықталуы да сын көтермейді. Мектептердегі спорттық құралдардың тозығы жеткен...
... Осы талдау қорытындысымен еліміздің Бiлiм және ғылым министрлiгiне жағдайды түзеп, кемшіліктерді жоюға бағытталған кешенді шаралар қабылдау ұсынылды.

http://kaz.newsfactory.kz/27937.html

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 462
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 525
Бәрекелді!

«Родословная казахских ханов»: всемирное признание

Керимсал Жубатканов 488