Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2715 0 пікір 16 Наурыз, 2010 сағат 05:35

Тасқын су мен молынан жауған жауын Алматы облысы мен Қызылорда облысының жолдарын шайып кетіп жатыр

Алматы. 16 наурыз. ҚазТАГ– Тасқын су мен молынан жауған жауын Алматы облысы мен Қызылорда облысының жолдарын шайып кетіп жатыр, деп хабарлайды Қазақстан ТЖМ, аймақтардан министрліктің республикалық дағдарыс орталығына келіп түскен хабарларға сілтемелеп.

Ведомство, дүйсенбі күні 18 сағат 20 минутта Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы Қызылтам елді мекенінен 5 шақырым жерде, Сырдария өзенінен асып, тасыған су Жалағаш- Жусалы автожолының өткел орналасқан жерінде 5-8 м енін жырып, шайып кеткенін хабарлайды.

ТЖМ хабарлауынша елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Аталған учаскедегі жолды жөндеу жұмыстары су деңгейі төмендеген соң басталмақшы.

Сол күні 21 сағат 45 минутта Алматы облысының Кербұлақ ауданында республикалық мәндегі Алматы-Өскемен тас жолының 166-шы шақырымында жауыннан пайда болған тасқын су көпірдің тірегі мен көпірге келер ернеуіндегі тас төсеніштерін шайып кетті.

Облыстық ТЖД мәліметтерінше 23 сағат 30 минутта автокөлік қозғалысы жолдың бір жолағы арқылы ғана жүргізіліп жатқан.

Оқиға орнында ТЖ қызметі көпірден өткізуді реттеу кезекшілігін қойған.

Сейсенбі күні таңғы 8-де басталуы тиіс апатты жою жұмыстары туралы әзірге хабарланбайды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377