Нұркен ТОҚАЕВ. АЛЫП МҰЗДЫҚТАР ЕРІП ЖАТЫР...
Біраз жылдардан бері әлемнің тынышын алған ғаламдық жылыну құбылысы Қазақстанда басқа елдерге қарағанда көбірек байқала бастағандай. «Қазгидромет» орталығының мәліметіне сенсек, соңғы 50 жылда елдегі орташа температура 1,5 есе жоғарылаған.
Мысалы, 1960-90 жылдар аралығында Қазақстандағы орташа температура 1,6-2,7 градусқа, 1990-99 жылдар аралығында сынап бағанасы 3,2 градусқа дейін көтерілген. Бұл болмашы ғана көтерілу болып көрігенмен, топыраққа, өсімдіктерге, жануарлар дүниесіне, адамдардың денсаулығына да кері әсер етіп отырғанын айтпай-ақ білуге болады. Қан қысымы жоғарылар мен жүрегі ауыратындардың көбеюі, жеміс-жидек түсімінің бұрынғыдай болмауы, жаздың аптабы мен сулардың арнасынан тартыла бастауында осы жылынудың залалы бар. Ал өкініштісі, бұған мемлекет тарапынан ешқандай амал қарастырылып жатқан жоқ. Керісінше, шетелдік инвесторлар онсыз да ушығып тұрған экологияны одан әрі ластауда. Мәселен, мұнай өңдеуден шығатын улы газдың ауаға таралуы шектеулі мөлшерден 5-6 есе артып кеткен.

БҰҰ-ның климаттық өзгерістер жөніндегі үкіметаралық зерттеу тобының болжамына сүйенсек, 2100 жылы Антарктида мен Гренландиядағы мұздықтардың еруінен мұхиттардың деңгейі 18-59 сантиметрге дейін жоғарылайтын көрінеді. Осының салдарынан аралда орналасқан бірнеше мемлекет пен қала жер бетінен мүлде жойылып кетуі де мүмкін. Қазірдің өзінде Тынық мұхиттағы Кирибати аралдарына, Қытайдың Шанхай қаласына, Аргентина астанасы Буэнос-Айреске су астында қалу қаупі төніп тұрғаны жиі айтылады. Ал алдағы уақытта дүниежүзіндегі орташа температура 1,8-4 градусқа жоғарылайды деп болжайды ғалымдар. Сонда тропикалық циклондардың климатқа әсері күшейе түседі. Осыған орай бір аймақта құрғақшылық болса, енді бір жерде топан су қаптап, адамзат табиғаттың тосын мінезімен алысып әуреге түспек.
Гренландияда 70 жылдан бері шамадан тыс жоғары ауа температурасы байқалып жүр. Өткен жылы бұл аймақта мұз қабаттарының 16 пайызы еріген. Ал Солтүстік мұзды мұхиттың мұздықтары 4 пайызға кішірейіпті.
Апат жақындағанда оны ең бірінші жан-жануарлар сезетіні белгілі. Осыны алға тартқан ғалымдар Испанияның Кантабрия тауларын мекен ететін аюлардың 3 жылдан бері бұрынғыдай бірнеше ай қысқы ұйқыға кетпей, екі ай ғана ұйықтауына да алаңдаушылық білдіреді.
Осы бір қауіптің алдын алу мәселесіне БҰҰ жанындағы өкілдік ірі де алпауыт өндіріс ошақтарын ғана емес, бай бизнесмендерді де тартып отыр. Әлемдік жалпы өнімнің 1 пайыздық үлесі жұмсалып отырса, қауіптің алдын-алу шаралары жанданар еді дейді ғалымдар. Олар ғаламдық жылынуға себеп болып отырған ауаға таралатын көмірқышқыл газының 40 пайызын электр стансалары шығаратынын айтады. Ал өндіріс орындарының үлесі 20 пайыз екен. Көліктерден келетін зиян да соған шамалас. Коммуналдық шаруашылық қызметтерінің үлесі 13 пайызға тең. Осылардың барлығы біріге келе апатты қолдан жақындатып жатқан көрінеді. Бізде өндірістер қайта тіріліп, көліктер саны көбейіп келеді. Соған сәйкес улы газдардың да үлесі артып келе жатқаны белгілі. Басқа өңірлерде боран соғып тұрғанда Қазақстанның оңтүстігінде қар аз болып, жаңбырлы болуы да осы ғаламдық жылынудың белгісі көрінеді. Ендеше шымкенттіктер неге қар жаумады деп таңданбаса да болады. Керек десеңіз мамандар биылғы жаз өте ыстық болады деп те отыр. Ал біз Құдай жамандықтың бетін аулақ етсін демекпіз...