Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2611 0 пікір 28 Мамыр, 2009 сағат 04:42

Мәжіліс өлім жазасын қолдану аясын қысқартуды қарастыратын түзетулерді мақұлдады

Астана. 27 мамыр. ҚазТАГ – ҚР парламентінің мәжілісі «Кейбір заң актілеріне өлім жазасы мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

Түзетулер өлім жазасын ең жоғарғы жаза ретінде пайдаланудың аясын қысқартуды қарастырады. Осылайша, өлім жазасы белгіленуі мүмкін қылмыстардың санын 18-ден 8-ге дейін азайту ұсынылып отыр.

Соның ішінде, ең жоғарғы жазаны геноцид, жалшылық, мемлекеттік сатқындық, республика президентінің өміріне қастандық жасау, диверсия, терроризм, соғыс жүргізудің тыйым салынған құралдары мен әдістерін пайдалану, сондай-ақ, агрессиялық соғысты жоспарлау, дайындау, өршіту және жүргізу үшін белгілеу ұсынылып отыр.

«Жазаның ерекше түрі қарастырылған 10 жағдайда өлім жазасын өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру ұсынылып отыр», - деп түсіндірген еді бұған дейін әділет вице-министрі Дулат Құсдәулетов.

Түзетулер жазаны өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына келесі қылмыстарды жасағаны үшін ауыстыруды ұсынады: кісі өлтіру, сот төрелігін немесе алдын ала тергеуді жүзеге асырып жатқан тұлғаның өміріне қастандық жасау, бағынбау немесе бұйрықты орындамау; бастыққа қарсылық таныту немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мәжбүрлеу; басшылыққа қатысты зорлық әрекеттері; дезертирлік; өз-өзіне жарақат жасау арқылы әскери қызметтен жалтару; әскери кезекшілікті атқарудың ережелерін бұзу; билікті теріс мақсатта пайдалану, билікті асыра пайдалану немесе әрекетсіздік таныту; қарсыласқа соғыс жүргізу құралын тапсыру немесе қалдыру.

Сондай-ақ, ұсыныстармен қылмыстық кодекстің геноцид, мемлекеттік сатқындық және әскери қылмыстар жасағаны үшін жаза қарастыратын баптарының құрылымын өзгерту ұсынылған. Бұл қылмыстар бейбіт және соғыс уақытында жасалу бойынша бөлектенген. Аталған қылмыстарды тек соғыс уақытында ғана жасағаны үшін өлім жазасы түріндегі жаза қарастырылған.

Қазақстанның қолданыстағы қылмыстық кодексінде өлім жазасы қылмыстың 18 түрі бойынша белгіленген, олардың 10-ы соғыс кезінде жасалатын әскери қылмыстар болып табылады.

Өлім жазасы әйелдерге, сондай-ақ, 18 жасқа дейінгі жаста қылмыс жасаған тұлғаларға және сот үкімі шыққан сәтте 65 жасқа толған ер адамдарға белгіленбейді. Өлім жазасы 25 жылға немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылуы мүмкін.

2003 жылдың желтоқсанынан Қазақстанда өлім жазасына мораторий жарияланды. Ең жоғарғы жаза ретінде өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қолданылып жүр.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377