Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2730 0 пікір 8 Сәуір, 2010 сағат 04:42

Х. Қожа-Ахмет «Отанды» кімдерден қорғамақ?

Билік «американдық ұлт» негізінде қазақстандағы барлық ұлттан бір ұлт жасау идеясын алға шығарғанда Мұхтар Шаханов республикамыздағы партиялар мен қоғамдық ұйымдардың, зиялы қауым өкілдерінің басын қосып, оған қарсы дауыс көтеріп, өздерінің аштық жариялайтындықтарын мәлімдеп, билікті өз райынан қайтарған болатын. Егер сол кезде ұлт зиялылары бірауыздылық танытпағанда қазір қазақ ұлтын тікелей жоюға алып баратын «қазақстандық ұлт» идеясы салтанат құрған болар еді.

Билік «американдық ұлт» негізінде қазақстандағы барлық ұлттан бір ұлт жасау идеясын алға шығарғанда Мұхтар Шаханов республикамыздағы партиялар мен қоғамдық ұйымдардың, зиялы қауым өкілдерінің басын қосып, оған қарсы дауыс көтеріп, өздерінің аштық жариялайтындықтарын мәлімдеп, билікті өз райынан қайтарған болатын. Егер сол кезде ұлт зиялылары бірауыздылық танытпағанда қазір қазақ ұлтын тікелей жоюға алып баратын «қазақстандық ұлт» идеясы салтанат құрған болар еді.

Сол сияқты Қытайға 1 млн. гектар жерді жалға беру мәселесі көтерілген кезде де М.Шаханов бастаған ұлт патриоттары биліктің шалыс қадам жасауына тағы да жол бермеді. Алайда билік те қарап қалмай, елге есімдері белгілі бірқатар ақын-жазушылар мен өнер қайраткерлерін М.Шахановқа қарсы айдап салуға тырысып бақты. Бірақ олардың билікке жарамсақтанамыз деп халық алдындағы азын-аулақ беделдерінен айрылып қалғаны жұрттың бәріне белгілі. Дегенмен, ондайлардың әлі де болса бой көрсететіндіктерін жоққа шығаруға болмайды. Өйткені Ресей, Белоруссия, Қазақстан тарапынан құрылған кедендік одаққа қарсы М.Шаханов жетекшілік ететін «Тәуелсіздікті қорғау» халықтық-демократиялық қозғалысы атынан күні кеше ғана баспасөз беттерінде жарияланған мәлімдемеге қол қойған саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар зиялы қауым өкілдерін билік тарапынан қыспаққа алу тағы да көрініс бере бастады. Соған шыдас бермеген кейбіреулердің ертеңгі күні өз қолынан бас тартуы да кәдік. Біз пендешілікке бой алдыратындардың мәлімдемені қолдап қол қоюшылар арасынан да шығуы мүмкін екендігін жоққа шығармаймыз. Бізді алаңдататыны - «қазақстандық ұлт», жерді жалға беру, кедендік одақ сияқты ұлт болашағына қатысты өзекті мәселелерге қалқан болу мақсатында М.Шахановтың бастамасымен құрылған «Тәуелсіздікті қорғау» халықтық демократиялық қозғалысының шырқын бұзуды көксейтіндердің бас көтеруі. Мәселен, Хасен Қожа-Ахмет (суретте) бастаған топ аталған мәлімдеме жарияланғаннан кейін іле-шала-ақ өздерінің «Отанды қорғау» халық майданын құратындықтарын жария етті. Айтуларына қарағанда олар да кедендік одаққа қарсы өздерінше наразылық білдірмек екен. Егер олар шынымен-ақ алдарына сондай мақсат қойса, осы тұрғыда жұмыс жасап жатқан және бірнеше баспасөзде Кедендік одақ туралы мәлімдеме жариялап үлгерген, 50-ден астам қоғамдық ұйымдарды, партияларды, баспасөз орындарын тоғыстырған «Тәуелсіздікті қорғау» халықтық-демократиялық қозғалысына неге бірікпейді? Осы мәселе төңірегінде бірігіп жұмыс жүргізуді Х.Қожа-Ахметке айттық та. Үй ішінен үй тігудің қандай қажеттілігі бар? Оның үстіне Х.Қожа-Ахметте айналасындағы он-он бес адамнан өзге жұртты соңына ерте алатындай бедел де жоқ қой.

Шынтуайтына келгенде, ол мұндай қадамға М.Шахановтан өш алу мақсатында барып отырғандығы күмәнсіз. Себебі М.Шаханов «Азаттық» радиосына берген сұхбатында, Хасен Қожа-Ахметпен жекпе-жек әңгімесінде, Х.Қожа-Ахметтің ҰҚК-ға қызмет ететіндігін мәлімдеген болатын. Мына жағдайдан кейін біз де М.Шаханов бекер айтпаған екен-ау деген ойда қалдық.

Осы жайттарды саралай келе, біз «Отанды қорғау» халық майданының құрылуын кейбіреулер тарапынан әдейі ұйымдастырылған арандату деп білеміз. Сондықтан көпшілікті Х.Қожа-Ахметтің жұрттың құлағын сарсытқан байбаламдарына арандап қалмауға шақырамыз.

 

«Желтоқсан рухы» қоғамдық қозғалысы атынан:

Бақтыбек ИМАНҚОЖА

Талғат РЫСҚҰЛБЕКОВ

Ерлан Байсымбеков

Амандық РАМАЗАН

Жамбыл ТАЙЖҰМАЕВ

Құрманғазы АЙТМЫРЗА

Ержан СЫПАТАЕВ (Ербол Сыпатаевтың інісі)

Алтынай АСАНОВА (Ләззат Асанованың анасы)

 

Фото: azattyq.org 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434