Халық құрылтайы халық сенімі үкіметінің, Бішкектің және ІІМ-нің уақытша басшыларын тағайындады
Бішкек. 7 сәуір. ҚазТАГ – Қырғызстан Халық құрылтайы сәрсенбі күні кешкісін халық сенімі үкіметінің басшысы ретінде сыртқы істер экс-министрі Роза Отынбаеваны тағайындады. Бішкектің мэрі міндетін парламент депутаты Иса Омарқұлов атқарады деп жарияланды. Бішкектің коменданты Тұрат Мадалбеков болды. Сондай-ақ осы органның Қырғызстанның уақытша ішкі істер министрі етіп Болот Шерниязовты тағайындау туралы шешім шығарылды. Бұрын ол жогогу кенештің вице-спикері қызметін атқарған.
Соңғы мәліметтер бойынша, Қырғызстан астанасында үкімет үйінің алдындағы алаңда бұрынғысынша 15 мыңдай оппозиция жақтаушылары тұр, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі оқиға орнынан.
Жиналғандар үкіметтің орнынан кетуін талап етуде. Олар премьер-министр Данияр Үсеновке осындай үндеу жолдады.
Халық құрылтайының орталық атқару комиеті милиция қызметкерлері мен арнайы жасақ өкілдеріне ерікті түрде үкімет үйін тастап кетуге мүмкіндік беру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Т. Мадалбеков мәлім етті.
Оппозиция жақтаушылары елдегі билікті де уақытша қолға алу мүмкіндігін талқылап жатыр. «Ақ-Шумқар» партиясының көшбасшысы Темир Сариев пен Қырғызстан социал-демократиялық партиясының төрағасы Алмазбек Атамбаевтан одақтасып, бірлестік құру ұсынылуда.

Куәгерлер оқиға орнынан хабарлағандай, Бішкектің кейбір аудандарында жаппай тонаушылық байқалған. Атап айтқанда, «Вефа» сауда орталығы тонаушылыққа душар болды. Қала орталығында бір топ мас адамдар байқалған. Телеарналардың көбі хабарларын тоқтатқан. Эфирге тек НБТ арнасы шығып, кейде оқиға көріністерін ешқандай түсіндірусіз көрсетіп қояды.