Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2619 0 пікір 9 Сәуір, 2010 сағат 05:44

Бәкиев елді басқарып отырмағанын мойындады, бірақ өз еркімен биліктен кетпейтінін мәлім етті

Алматы. 9 сәуір. ҚазТАГ – Биліктен аластатылған Қырғызстан президенті Құрманбек Бәкиев елді басқарып отырмағанын мойындады, бірақ биліктен өз еркімен кетпейтінін мәлімдеді. Бұл туралы ол бейсенбі күні кешке «Эхо Москвы» радиостанциясына сұхбат беру барысында мәлім етті.

«Мен президенттің өкілеттіктерінен бас тартпақ емеспін. Бұлай жасауға негіз көрмей отырмын», - деді ол.

Осылай дегенімен, ол: «Өкінішке орай, мен қазір президент болсам да, басқарудың нақты құралдары әзірге қолымда жоқ»,-деді.

Қ.Бәкиев милиция мен қарулы күштердің басым бөлігі уақытша үкіметтің жағына шыққан біледі. «Иә, олар сондай шешім қабылдады. Бұл солардың мойнында болсын», - деді ол. Бірақ «милиция мен қарулы күштер бүкіл ел дегенді білдірмейді»,-деп атап көрсетті. «Бүкіл ел дегеніміз ең алдымен, Қырғызстан халқы». Биліктен аластатылған мемлекет басшысы оны халық қолдайды деген сенімде.

Қ.Бәкиев қазіргі уақытта Қырғызстанның оңтүстігінде жүруге мәжбүр екенін мәлім етті.

Ол журналистерге Бішкекке аттану үшін өз жақтастарын жинап, қаруландырып жатпағанын айтып сендірді. «Сіз қалай ойлайсыз, президент, халық сайлаған мемлекет басшысы қолына қару алып, өз халқына қалайша қарсы шығуы мүмкін? Не деген ақымақтық! Мұны кім ойлап тапты!», - деді президент.

Сонымен қатар, ол ел аумағынан кетпек ойы жоқ екенін мәлім етті. Алдағы жоспарлары туралы сұраққа Қ. Бәкиев: «Әзірге білмеймін. Бірақ Қырғызстанның оңтүстігінде жүргенімді айтқым келеді. Және ел аумағынан кетуді жоспарлап отырған жоқпын»,-деді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5450