Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2982 0 пікір 22 Сәуір, 2010 сағат 05:56

Елге де, Елбасыға да кір келтіретін масқара мерзіммен келіспейміз, Мәсімов мырза!..

Сонда біз отыз жылдан соң ғана «сөйлейтін» Қожанасырдың «кейіпкеріне»

айналуымыз керек пе?

«Самарқанда бір әпкем бар, бұдан да өткен сорақы» дегендей, сенатор Симамбаевтың сауалына Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов елп ете қалып, ертеңіне-ақ эфир арқылы жауап берді. Мәсімов мұртынын күліп тұрып, «мемлекеттік тілге енді 10 жылдан кейін, 2020 жылы ғана көшеміз» деп былш еткізді. Біреу бетімізге түкіріп жібергендей, жалма-жан жанқалтамыздан беторамалымызды іздедік...

Тоқ күлкісі сыртқа теуіп, жылтырап тұрған Кәрекеңнің жүзінен аса бір ризашылық кейіп танылып тұрды... Иә, мәселенің мәнісін ұқпайтын Мәсімов Симамбаевтың сауалына бір тәулікке жеткізбей жауап қайтарды. -Енді он жылдан кейін әрбір азамат қазақ тілінде еркін сөйлеуі керек,-деді. Сонда он жылға дейін әрбір азамат қазақ тілінде еркін сөйлеуге болмайды екен ғой... «2020 жылды айтқанша, 2030 жылды бір-ақ айту керек еді...» деп күйініп жатқандар көп.

Баяғыда Қожанасыр «отыз жылдан кейін есекті сөйлетемін» деп ханға уәде беріпті. «Отыз жылда сөйлемесе қайтесің», - дегендерге, Қожекең: «отыз жылда не хан өледі, не есек өледі, немесе мен өлемін»- депті саспастан...

Мәсімовке қарап тұрып менің есіме осы хикая түсті. Егер Қожекең ғайыптан тайып бүгінгі Қазақстандағы қазақ тілін күтумен өткен ғұмырды көрсе «отыз жылда есек те сөйлер еді », - деп қойып қалар еді. Біздің мемлекеттің мемлекеттік тілде сөйлеуін күткенімізге 21 жыл болды. Енді тағы 10 жыл күтсек, 31 жыл болады.

Сонда Мәсімов нені меңзеп, бізді неге («кімге» емес) теңеп отыр... Мен Мәсімовпен келіспеймін. Ол елдің де Елбасының да атына кір келтіруде. Бұны кім болса да, қай мемлекет болса да, елдің интеллектуалдық ресурсын жоққа шығару, қорлау деп түсінеді.

Мысалы, ғылым докторы, экс-министр Ертісбаевқа, немесе әлгі Симамбаевқа, режиссер Ермек Тұрсыновқа, тіпті қытай тілін білетін Мұрат Әуезов пен әлемдік масштабтағы атақты ғұлама ақынымыз, мың бір тілді зерттеп жүрген Олжас Сүлейменовке қазақша жаза білу үшін міндетті түрде тағы 10 жыл керек пе? Олар жап-жақсы сөйлеп қалды, енді 1 жыл қоссақ жетіп жатыр. (Ал тағы бір сенатор Ғани Қасымов пен бүкіл Парламент алдында «менің басыма операция жасап, миымды ауыстырмаса, қазақ тілін үйрене алмаймын»-деп, елшілік туралы заңнан «мемлекеттік тілді білу міндетті», - деген бапты алғызып тастаған экс-министр, ағылшын тілін білетін елші Ерлан Ыдырысов туралы не ойласаңыздар да өз еріктеріңіз.) Сонда біз 30 жылдан соң ғана сөйлейтін Қожанасырдың «кейіпкерлеріне» айналуымыз керек пе? Жоқ, мен сізбен келіспеймін, Мәсімов мырза!

Бұл мәселені бірінші жағы, енді екінші жағына келейік. Мәсімов айтқан 2020 жыл дегенде, біздің мәңгілік сайлауға түсуге хақы бар Президентіміз 2012 жылы сайлауға тағы да түсіп, 2020 жылға дейін басқара беретіні мәлім. Биылғы Жолдауында да 2020 жылдың бағдарламасын жариялады.

Сонда, мемлекеттік тілдің 2020 жылы ғана іске кірісуі, яғни мемлекеттік тілдің жаппай қолданылуы Президентінің саяси аренадан  кетуіне ғана тіреліп тұр екен ғой... Егер Елбасымыз 2030 жылға дейін отырса ше? Онда енді тағы да 20 жыл күтеміз бе? Сонда Мәсімовтың ойынша, тілімізді 20 жылдан бері 20 шенеуніктің үйренбеуі Нұрсұлтан Назарбаевқа ғана байланысты ма? Елдің тілінің дамуына Елбасы кедергі ме? Жоқ, Мәсімов мырза, біз бұлай ойлай қойған жоқпыз әлі. Ақыр солай болып, олай ойласақ, онда не тілді, не Елбасыны таңдау керек шығар...

Мемлекеттік тілді білу үшін міндетті түрде 30-40 жыл күтіп (Н.Назарбаев мерзімі бітетін уақыт) Қожекеңнің «кейіпкеріне» айналу ЕҚЫҰ-ға төраға болып отырған елге масқара емес пе ? Біздің азаматтардың санасы өзге елдердің санасынан кем бе?

Елдің де, Елбасымыз да атына кір келтіретін мұндай масқара ұзақ мерзіммен келіспейміз, Мәсімов мырза!

Ал, сіз қалай ойлайсыз, құрметті оқырман?!

Қазыбек ИСА

«Жас қазақ үні» газеті,

№16 (441) 20.04.2010.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377