Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3301 0 пікір 22 Сәуір, 2010 сағат 15:27

«Азат» ЖСДП съезі оппозиция ішіндегі дағдарыс тереңдеп бара жатқандығын көрсетеді – «Нұр Отан» хатшысы

Астана. 22 сәуір. ҚазТАГ - Оппозиция ішінде дағдарыс тереңдеп барады, деп есептейді «Нұр Отан» партиясның хатшысы Ерлан Карин.

Оның пірінше мұны «Азат» ЖСДП партиясының Алматыда өткен VI съезі көрсетеді.

«Съездің мазмұнына және онда орын алған пікірталасқа қатысты айтатын болсақ, онда сөйлеген партия көшбасшыларының көбінің ойлары партияның ішкі мәселелеріне арналды. Съезде бір де маңызды құжат қабылданған жоқ, ол дегеніңіз оппозицияда елдің дамуының өзекті мәселелері туралы нақты ұсыныстары жоқ дегенді аңғартады. Осылайша, «Азат» ЖСДП-нің соңғы съезі оппозиция ішінде дағдарыс жалғасып қана қоймай, тереңдеп бара жатқанын аңғартады», - деді Е. Карин съезд қорытындысы жайлы ҚазТАГ агенттігіне.

Кез келген саяси партияның съезінде, дейді саясаткер, «елеулі ұйымдастырушылық мәселелер шешіліп, концептуалды құжаттар қабылданып, нақты әрекеттің стартегиясы жасалады».

«Өкінішке қарай, өткен жиналыс тіпті аптаның маңызды жаңалығы да бола алмады. Ал қисын бойынша, «оппозицияның партиялық съезі» деген ұғымының ішіндегі мәнінің өзі кем дегенде осы айдағы негізгі саяси оқиға мәртебесіне таласуы керек еді», - дейді «Нұр Отан» партиясының хатшысы.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1016
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2559
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 710
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 676