Сәрсенбі, 23 Қыркүйек 2026
Қоғам 9157 0 пікір 20 Мамыр, 2014 сағат 12:42

ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІГІНДЕ ТҰРҒЫНДАР АЗАЮЫ МҮМКІН

 

Қазақстанның солтүстік өңірлеріндегі халық саны 2050 жылға қарай миллион адамға азаюы мүмкін. Бүгін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Мәдина Әбілқасымова осылай деп мәлімдеген. Бұл туралы «Қазақпарат» хабарлады.

Қазақстанның ішкі және сыртқы көші-қон проблемалары талқыланған жиында, вице-министр аталмыш үдеріс негізінен ішкі және сыртқы көші-қон проблемаларында қордаланған мәселелерге байланысты орын алуы мүмкін екенін айтты.  «Республикамыздың Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан секілді облыстарында қалыптасқан демографиялық құлдырау үдерісі сақталатын болса, оның салдарынан келешекте  жұмысшы кадрлар тапшылығы орын алуы ықтимал. Ал 2050 жылға қарай осындай жағдайға сәйкес, солтүстік облыстардағы халық саны миллион адамға дейін азаятынын болжауға болады.  Бұл ретте еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі халық саны керісінше  5,2 миллион адамға артуы мүмкін», - деген М. Әбілқасымова өз сөзінде.  Ол бұндай жағымсыз үдерістің сақталуы жұмыс орындарына қатысты ұсыныстың сәйкессіздігі, өңірлік жалпы ішкі өнім өсімінің кемуі, еңбек күшінің жетіспеушілігі секілді проблемаларды тудырады деп пайымдайды.  Сондықтан да, вице-министрдің ойынша, жұмыс күші жеткіліксіз өңірлерге еңбек мигранттарын көшіруді ынталандырудың тың тетіктерін іске қосу керек. 

Нұрғали Нұртай

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1409
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2988
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1056
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 992