Сәрсенбі, 30 Қазан 2024
46 - сөз 5293 0 пікір 19 Мамыр, 2014 сағат 11:06

Серікжан. МЕН РЕСЕЙГЕ ЖАҚСЫЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!

Ресейдің басына демократтар келеді, міне нағыз төңкеріс сол болады. Ресей тоталитаризмнен, диктатурадан, бюрокартиядан, шовинизмнен, ұлылық сандырағы (мания величия) деген аурудан, жемқорлық пен коррупциядан, сосын артта қалған мешеулік санадан арылады, ғасырлар бойы қорлық пен мазақтан көзі ашылмай келе жатқан сорлы орыс халқы енді еркін де азат елдің ақжелең, асқаралы перзенттеріне айналады, демократия әрқашан да елдің экономикасын тік көтереді, Ресей әлемдегі ең бай елге айналады.

Оның себебі, Ресей - қазірдің өзінде қай табиғи, энергетикалық ресурс жағынан алғанда да әлемдегі ең бай ел, ішкі мүмкіндігі жағынан әлемдегі ең бай ел. Күллі әлем жоқ болып кетсе де Ресей жалғыз өзі өмір сүре алады, ал әлем Ресейсіз өмір сүре алмайды. Қытай күллі әлемді (Азияны, Африканы, ЛатынАмерикасын, Еуропаны) сорып күнелтіп отыр, ал күллі әлем, Ресейдің өзінің ішіндегі жемқорларымен қоса, Ресейді сорып күнелтіп отыр.

Ол үшін империялық пиғылдан арылу керек. Неге күллі дүниеге ықпал етіп отырған Ұлы Ресейдің қарапайым халқы солтүстігіндегі кішкене ғана Финляндиядан кедей тұруы тиіс? Неге Ресейді күллі әлем жек көреді, неге Ресей, орыстар күллі әлемді жек көреді? Неге орыс халқы мал сияқты, құлдықта өмір сүріп жатыр, неге кішкене ғана Эстония халқы адамша еркін өмір сүреді? Грузиядан Осетия мен Абхазияны бөліп тастағанда Ресейге не пайда келді, Қырымды Украинадан бөліп, өзіне қосып алғанда Ресейге не пайда келді? Зияннан басқа ештеңе келген жоқ. Ресейге тек осындай төңкерісті тілеймін! Ресейдің халқына Финляндия мен Эстония халқының жоғары әлеуметтік тұрмысын тілеймін, Норвегия мен Дания халқының еркіндігі мен азаттығын тілеймін.

Карамзин побывал во Франции. Русские эмигранты спросили его:
— Что происходит на родине?
— Воруют, — ответил Карамзин…

Карамзинің осы жауабына 200 жылдан асыпты. Дәл қазір де, "Как там в России?" дәл сол жауап: "Воруют". Егер демократиялық төңкеріс болмаса, 200 жылдан соң тағы да сол жауап болады. Жемқорлық пен елтонау, жертонау, халықтың кедейлігі, бір-ақ берілетін өмірінде адамша өмір сүре алмай кетуі, адам құқықтары мен бостандықтарының көзге де ілінбеуі - тек қана тоталитарлық қоғамда болатын дүние. Тоталитарлық қоғамда өмір сүрген адам - бар өмірін түрмеде өткіген адам.

Abai.kz comment http://abai.kz/post/view?id=594

0 пікір