Жұма, 23 Мамыр 2025
Жаңалықтар 3949 0 пікір 15 Мамыр, 2014 сағат 11:21

АРМЕНИЯ ЕЭО МҮШЕСІ БОЛУЫ МҮМКІН

1 маусымға дейін Армения Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы туралы келісім жобасы дайындалмақ. Бұл туралы AGRONEWS Еуразиялық экономикалық одақтың даму және халықаралық байланыстар департаменті басшысы Антон Азаровтың сөзіне сілтеме жасап хабарлады.  Ол өз сөзінде:  «Армения Кедендік одаққа кіру туралы өтініш берген соң, Еуразиялық комиссия мамандарының қатысуымен арнайы жұмыс тобы құрылған болатын. Топ жүргізген белсенді жұмыс нәтижесінде Армения Республикасының Кедендік одаққа қосылуы туралы жоғары деңгейде мақұлданған жол картасы дайындалды», - деген. 

Азаровтың айтуынша, бүгінде бұл жобаның жүзеге асырылуы туралы сенімді түрде айтуға болады. Айта кететін болсақ Еуразиялық экономикалық Одақ құру туралы келісімге 29 мамыр күні, Астана қаласында қол қойылады деп жоспарлануда.

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2830
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4566