Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3465 0 пікір 14 Мамыр, 2014 сағат 09:56

ТҮРКИЯДА АПАТ ҚҰРБАНДАРЫ 201-ГЕ ЖЕТТІ

Түркияның ТРТ хабар арнасы таратқан ақпаратқа сай              энергетика министрі Танер Иылдыз Сомадағы кен орнында болған жарылыс салдарынан қайтыс болғандардың саны 201-ге жетті деп хабарлады. Оның журналистерге берген мәлімдемесі бойынша жарылыс кезіндегі алғашқы құтқарушылар арасында да ыс тиген  және жараланған адамдар болуы мүмкін. Жағдайдың ауыр екенін баяндаған министр: «Қайғылы хабарды зорлана жеткіземін, апат себебінен өмірі қиылғандар саны 201ге жетті. Жаралылар саны 80 кісі. Әлі де шахта астында қалып қойғандар бар. Құрбандар саны тағы да арта түсуі мүмкін», - деді. Бүгін апат болған өңірге Албанияға жасаған сапарын кейінге қалдырып, үкімет басшысы Ережеп Тайып Ердоған   келген. Кеше 13 мамырда апат болған көмір кеніші Эгей теңізі жағалауындағы Измир қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 120 километр қашықтықта орналасқан. Апат болған кеніште  800 ге таяу жұмысшы болған.

АБАЙ-АҚПАРАТ

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406