Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3795 0 пікір 15 Сәуір, 2014 сағат 15:42

ШЫҒЫС УКРАИНА "УШЫҒЫП" ТҰР

Украина шығысында арнайы операция бастау туралы президент міндетін атқарушы Александр Турчинов бүгін  жарлық шығарды. Азаттық радиосының мәліметі бойынша Жарлық “Террористік қауіп-қатерлердің алдын-алу және Украинаның территориялық тұтастығын сақтау жөніндегі шұғыл шаралар туралы” деп аталады. Арнайы операцияның орындалуын бақылау Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Андрей Парубийге жүктелген. Турчинов болса арнайы операцияны жүргізу штабын басқарады. Операцияға басшылық жасау Украина қауіпсіздік қызметі басшысының бірінші орынбасары Василий Крутовқа тапсырылған. Турчиновтың бұған дейінгі мәлімдемесінде антитеррористік операцияларға Украина қарулы күштері де қатысатыны айтылған. 

Дәл қазіргі уақытта Украинаның шығысындағы кейбір қалаларда жағдай ушығып тұр. Әкімдік ғимараттарын басып алған Ресейшіл топтар биліктің талабы бойынша кеше, яғни 14- сауірде қаруларын тапсырып, ымыраға келуі керек болған. Бірақ олай болмады. Керісінше жағдай күрделеніп кетті. Славянск, Луганск, Головка, Донецк, Харьков қалаларында әкімшілік ғимараттары мен полиция бөлімшелерін басып алған бүлікшілер еш берілмейтінін айтып міз бақпауда. Ал осы күнге дейін сабырлылық танытып келген Украина билігі енді іске көшетін сияқты.

Кейбір сарапшылар азаматтық соғыс хаупі бар екенін айтады. Елдегі жағдайға алаңдаулы Украинаның "Батькивщина" партиясының лидері, Украина президенттігінен үміткер  Юлия Тимошенко әлем көшбасшыларынан әскери көмек сұрады.

Абай-ақпарат 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435