ЕЛ ТАНЫҒАН ЕРЗАТ ЕЛГЕ ОРАЛА АЛМАЙ ЖҮР
Ата мекеннің топырағын алшаңадай басып, Қазақстан мемлекетінің азаматы атануға неиетті қандастарымыз көп шетелде. Солардың бірі режиссерлігімен аты әлемге танылған, кино және жарнама саласының маманы - Ерзат Батайұлы деп хабарлайды «Қазақстан» телеарнасының Бейжіңдегі тілшісі Дәурен Омарұлы. Қытайдағы қандастарымыздың арасынан өнері өрге озған қандасымыз Ерзат “Nokia”, “Mersedes-benz”, “BMW”, “Nike”, “Adidas” сияқты танымалы брендтердің жаранамаларын түсіріп, түрлі халықаралық фестивальдерде топ жарыпты. 2009 жылы Францияда өткен Кан фестивалінде бас жүлде - “Алтын арыстанды” иеленген “Nokia N96” смартфоны жарнамасы авторрларының бірі осы қандасымыз Ерзат Батайұлы.
2007 жылдан бері елге бірнеше рет келген ол, азаматтық алу үшін қажетті құжаттарды дайындап жүргенінде, еліміздің көші- қон туралы заңына енген өзгеріс жолын бөгегенін айтады. Жаңа заңға сайкес Қазақстан азаматтығын алу үшін қандастарымыз Қытай азаматтығынан шығуы, ол жақтағы тіркеуден өшірілуі керек. Ал Қытай мемлекеті өз азаматтары басқа елдің азаматтығын қабылдамай тұрып ондай талапты орындамайды. Қазақ көшіне кереғар келген осындай заңның кесірінен тауы шағылған Ерзат: “өз еліңе орала алмай жатқаның қиын екен, жоғарыдағы кісілер іс бітіре алмай ма, әлде біздің талантымыз, ұсынысымыз жетпейме, түсінбеймін”- деп кейиді.
Абай-ақпарат