Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Қоғам 7350 0 пікір 10 Сәуір, 2014 сағат 10:20

Орыс Укриндерді Казактар секілді мәңгілік құлданғысы келеді

Украина есін жиа бастады.  Елдің шығысындағы Харьков, Луганск, Донецк қалаларындағы орыс сепаратистерінің шектен шыға бастауы Украинаның жоғарғы радасында төбелес тудырған болатын. Төбелес шығыс аймақтағы аумақтық тұтастыққа төнген қауыпке көз жұма қараған биліккке қарата ренішті тіптен асқындырған. Тіптен 8 сәуірде Донецк билігін басып алған топ тәуелсіз республика боламыз деп жариялады. Бұл өте қауіпті тенденцияға айналып барады. Бұның арты немен аяқталатыны белгісіз, бірақ тағы да қолдарында Ресейдің туы. Сондықтан, сеператизмнің кез-келген белгісіне алаңдаушылықпен қарауға тура келеді.

Демократияны сылтау еткен орыс ұлтшылдары биліктің өзімен-өзі қырқысып жатқан орайын пайдаланып, белгілі аймақтарды бөліп алғысы кеп жанталасқаны жақсы тенденция емес. Оған қарсы күш қолданбау мен заңдық жауапкершілікке тартпау бұл үрдісті тіптен шиеленістірді. Тіптен жаңадан тәуелсіздік жарялаған «Донецк халықтық республикасы» тағы да Путиннен өздерін қорғауды талап етіп хат жолдапты.

 

Путин енді сіздерге көмектесе алмайды – Донецк!

 

Ресейдің президенті Путин өткен жолғы тебінінен қайтып қалғаны белгілі болды. Әлемдік саясат пен әлемдік экономикалық санкциядан аямай таяқ жеген Путин енді Орыстарды арашалауға құлықты емес. Тіптен санкция осылай жалғаса берсе Путиннің маңайындағы қалталы қауымның қалталары жұқара түспек, қатарлары да азаймақ. http://korrespondent.net/  порталының азуынша Россия Қырымды қосып алғаннан бергі түрлі қысым салдарынан 179 миллиард доллар көлемінде қаржы жоғалтқан.  Қазірдің өзінде Орыс кесірінен ақшаы күйіп, төзімі таусылып жатқан алиграхтар көбейіп кетті. Егер санция осылай бірнеше жылға жалғасса не болмақ? Әрине қазандағы тамағынан айырылған жұрттың Путинды мақтамасы анық.( http://korrespondent.net/business/economics/3346556-anneksyia-kryma-uzhe-oboshlas-rossyy-v-179-myllyardov-dollarov )

Тіптен орыс десе өмешегі үзіліп отырған Путин 8-, 9- сәуірдегі Украина сақшыларының орыс сепаратистеріне қарата жасаған соққысы мен тұтқындауларына жәйбірақаттық танытты. Тек «алаңдаушылық білдіруден» ары аса алмады.  Ал украина болса батыстың қолдауына ие болысымен армия мен сақшыларды күшейтудің қамына кірісті.

Біріншіден, бұл Қырымды қосып алғаннан кейінгі әлемдік наразылықты тіптен күшейтеді әрі көрші елдердің батыс елдеріне бет бұруына әсер етеді. Путин енді осы қылмысын ақтап алса да жеткілікті.

Екіншіден, Украинаны тікелей соғысқа мәжбүрлейді. Бұндай жағдайда батыс елдері қарап отырмасы анық. Онда орыстың басына ақырзаман келтінін Путин анық біледі.

Үшіншіден, бұл тенденция Россияның ішкі федеративтік жүиесін шайқалтады. Онсызда себеп іздеп отырған ішкі және сыртқы күштердің бірігуін тездетеді.

Төртіншіден, Россиядағы ұлттар Путиннің жалаң Орысшылдығына іштей наразы. Тіптен, ұлы орыс идеясы туралы ашық айтқан Путин енді бақадай шулаған Түркі бауырларымыз үшін кім екендігін көрсетіп алды.

 

Бүгін, 9- сәуірде  Украина ішкі істер министрі Арсен Аваков шығыс аймақтарда орын алған сепартистік  іс-әрекеттерді  48 сағаттың ішінде тоқтатуға уәде берді. Алдымен келіссөздер арқылы, болмаса күш қолданбақ.  8 сәуірден бастап да күштік құрылымдар Харьков, Луганск, Донецк қалаларын сепаратистерден тазартуды бастаған болатын. Тіптен Харьковте жүздеген сепаратистерді ұстаған болатын. Бұл халықтың жаңа билікке қарата көзқарасына оң өзгеріс әкелген.

 

Орыс Украиндерді  тарихтан бері құлданып келеді

Бұл туралы Украинаның  Униан порталы мен http://ru.tsn.ua/  сайты  жазды. Тітпен украина ұлтшылдарының қызу пікір таласына айналған болатын.  Орыс тарихтан бері Украиндерді өздерінің мүддесі үшін пайдаланып келеді. Онсызда азая бастаған орыстардың орнын украиндер арқылы толықтырғысы келгендігі жасырын емес. Тарихта Украиндер мен Немістерді, Полияктарды орта азия мен Сібірге жер аудару арқылы отарлықтың алдыңғы армиясына айналдырды. Путин бастаған жаңа отаршылдар да сол тәжірибені қолдануды бастағаны  белгілі болды. Жұмыссыз қалған Украиндер мен Укаринаның арнайы Беркут жасақтарын таласа-тармаса жұмысқа қабылдады. Тіптен, белгілі обылыс әкімдеріне Украин халқын қабылдау және жұмыспен қамту туралы тапсырма беріп те үлгірді. Осылайша Путин 3-4 жеп, билікте отыр.  Бұл үрдіс жалғаса берсе милиондаған украиндер казактар сынды орысқа мәңгілік құл болып қала бермек.  (http://ru.tsn.ua/politika/v-rossii-predlagayut-ispolzovat-ukraincev-kak-rabochuyu-silu-na-dalnem-vostoke-352566.html)

Біріншіден, жан санының азайған орнын діні мен тілі бір Украиндермен толықтыру Орыстар үшін қауыпсіздікке саястын саясат. Себебі Россияда Түркі текті халықтар мен мұсұлман халықтарының өсімі орыстарды алаңдатып отырғаны белгілі.

Екіншіден, Украиндер орыстар үшін арзан еңбеккүш, дайын армия.  Міне бұл россияның өндіргіш күшіне серпін беретіні белгілі. Бұл тарихтан дәлелденген.

Үшіншіден, шығыстағы бос жатқан жерді ашу үшін миллиондаған халық керек. Ал оны тек славиян халықтары құрауы керек деп есептейтін орыстар үшін бұл маңзды ұлттық мәселеге айналып отыр.

Төртіншіден, Украиндер орыстар үшін ең адал отарлық армия. Тіптен, казактар сынды мәңгілік жұмысшыға айналатыны даусыз. Ал оларды ешқашан билікке шығармайтынын казактар тағдыры дәлелдеген...

Қысқартып айтқанда, орыстар украиндерді өз ұпайлары үшін пайдаланып отыр. Тарихтан бері Орыстар Украиндер үшін ешқандай жақсылық істеп бермеген. Бермейді де. Ал тарихтан бері Украиндерді пайдаланумен, құлданумен келе жатқаны жасырын емес. Қазіргі орыс телеарналарының Украин халқын жаулаудың ақпараттық соғысын аяусыз жүргізіп жатыр. Десе де соңғы кездері бұны Украина ұлтшылдары да түсіне бастады.

 

 

Алтай Бұқарбаев

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2050