Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Қоғам 10307 0 пікір 2 Сәуір, 2014 сағат 17:17

ҚАЗАҚТАР: «... КАЗАЧЕСТВОНЫ ҚОРҒАУҒА АНТ ЕТЕМІН!»

«Казак болған қазақтар». Бұл «Абай» порталында біраз уақыт бұрын көтерілген мәселе болатын. Блогшы Нұрбол Қаби бұл тақырыпқа қайта оралған екен.  Алаш азаматтарының не үшін «казак» болғанына тағы бір назар аударып көрелік.

 

АТА ЖАУДЫҢ АТАУЫН АЛҒАНЫ ҚАЙ САСҚАНЫ?!

 «Қазақтардың көшпелі еркін тірлігі Азияда дүниеге келіп дамыды. Орыс­тардан шыққан казактар бұған тәнті бол­ғандығын олардың жылнамаларындағы деректер айғақтайды. 1444 жылы қоршауда қалған Мәс­кеуге казактар келіп, татарлармен соғысады. 1517 жылы Украинада Белгородқа (Аккерман) шабуыл жасайды. Көшпелі түркілерде еркін өмірді аңсаушылық, ша­һарларға шапқыншылық ұйымдастыру орыс казак­та­рынан бұрын басталған… Алтын орданың ыдырауы ке­зінде ұсақ халықтар арасындағы талас-тартыстың сал­дарынан әртүрлі рулар далаға қоныс аударып, қазақ қауым­дарын құра бастады. Сондай-ақ, орыс казактары да әр тек­тес тайпалардан одақ құрып, казактар деген атауға ие болды»

«Қазақ шежіресі» деген еңбегінде Шоқан Уәлиханов қазақ пен казак туралы осындай мәлімет келтіреді. Әңгіменің өзегін ұғып отырған боларсыз?..

«Жетісу қазақтары». Олар өздерін осылай таныстырады. Былайғы жұрт – казачество атайды. Дұрысы –Казак. Жоқ, мен қате жазбадым. Иа, олар – казактар.

Осы казактармен мына біздерді, яғни қазақтарды былайғы жұрт көп шатыстырады. «Қ» әріпін «к» әріпіне айналдыра салса болды, орны ойсырап «казак» болады да қалады. Бұл қазіргі қаріптің бір кемшіл тұсы. Латыншамыз да оңып тұрғаны шамалы. Әлемдік әсіресе халықаралық жарыстарда біздің елің атауы біресе – Kazakhstan, ал енді бірде - Qazaqstan делінді. Дұрысы – Qazaqstan.  Айтпақшы түрік бауырлар әлі күнге бізді Kazakhstan деп айтады. Әуелде бұл нұсқаны өзіміз алып тастадық, әлгіндегі казактармен дау болмас үшін. Отаршыл Ресей де кезінде ұр да жық казагымен бұратана қазақты  шатастырмас үшін, бізді бірде«киргиз» демеді ме? Кейде «киргиз-кайсак» атады.

 КАЗАК - ...

            «Козак», «казак» – татар сөзі. Мағынасы: "азат кешелер", "азат әскери кешелер". Бұл славян және одан кейін орыс тілдеріне борыштан (салықтан) азат, ерікті, ержүрек және сонымен бірге атты жауынгер деген ұғымдарды білдіретін сөз ретінде енген. Осыдан-ақ кім екендерін білген боларсыз?!

Казактар – Поляк, неміс, осман түріктерінің түртпектеуінен қашып, Еділ, Дон өзендерін паналаған славяндардың жырындысы.

XVI ғасырдың екінші жартысынан бастап кейіннен Жайық казактары деп аталып кеткен ерікті казак қауымдастығы құрыла бастады. XVI ғасырдың 80-жылдарында Дон казактарының бір бөлігі Мәскеу мем­лекетінің әскерінен жеңіліп, атаман Ермакпен бірге Сібірге кетті. Бұл жерде олар Сібірді басып алуға қатысты. Екінші бөлігі Волга бойымен Каспий теңізіне түседі. Жайық бойымен жүзе отырып, Үлкен Ноғай Орда­сының астанасы Сарайшық қаласына келеді. Сарайшықты талқандап, теңіз арқы­лы қайтадан Донға кетеді. 
            1808 жылғы Ережеге сәйкес, Сібір ли­ниялық әскері казактарды қызметке өз қа­ру­ларымен, жабдықтарымен, киім-кешегімен және жылқыларымен алуға тиіс бол­ды. Сібір казак әскерлерін құрған кезде патша үкі­меті бірінші кезекте казактардың полицейлік рөл атқаруы керектігін ескерді. Ал енді Сібір казак әскерлері «барлық бүлік­шілерді тыныштандырушы және жуасытушы» ретінде өздерінің міндеттерін қаты­гездікпен орындады. Шындап келгенде қарақшыларлардың әрі не бергі жағы.

            ҚАЗАҚ ҚАҒЫНАН ЖЕРІП, КАЗАК АТАНҒАНДАР КІМДЕР?!

Хош, әңгіменің өзегіне оралсақ. Әуелде «ешкімге соқтықпай жәй жатқан елміз»-дің кейіпіне енді. Енбеске шаралары да қалмаған-ды. Кейін маңайындағыларды өздеріне тартты. Басқасы басқа, оларға біздің де Отандастарымыз да қосылды. Қазақ атауынан бас тартып, өз қағынан жеріген кімдер дейсіз ғой?

Таныс болыңыдар:   Талғат Шәріпбаев, Алмабек Сайдақбеков және Ерлан Қошқарбаев.

Екеуі де Шымкент қаласының тумалары және ана жаққа өтпес бұрын Шымкент қаласының тумалары болған. «Қазақ қағынан жеріп, казак болардай бастарыңа не күн туды?» деген сұрағымызға қос бауыр:  «Мұның бәрі саясат. Шындығы сол, казактар мен қазақтар бірлесіп ортақ жауға шапқан. Дәлел -  Сұраншы батыр. Енді тентек кімде жоқ. Төбелес ара-тұра болып тұрады ғой... Ал, қазақтың казактыққа өтуі жақсы үрдіс».

Жағамызды ұстадық... Не үшін өтті екен? Ә, айтпақшы сылтау бар емес пе? Қос бауырлар: «Сұраншы батырдың ұрпағымыз»,-дейді. 1860 жылы Сұраншы батыр қол жиып Қоқандықтармен соғысады. Себебі де жоқ емес, Түркістанды тізе бүктіру мақсатымен. Немесе керісінше, Сұраншы батыр казактарға қосалқы күш ретінде қатынасады.

Айтпақшы осы Сұраншы батыр қазақ па, әлде казак болған ба? Ол жағы беймәлім, бірақ бүгінгі ұрпақтарының қай жақта екені айтпаса да түсінікті.

Хош, Талғат Шәріпбаевтың фотогалериясымен де танысыңыздар:

 

 

Ант қабылдағанын да көрдік. Қабылдап болысымен Құран сүйіп, басын қойғанын да тамашаладыңыздар. Болды, жетер! Одан әргісін көруге сіздің де менің де дәтім шыдамайды.

Бұнымен осы бөлімді аяқтағым-ақ келеді, бірақ атасына нәлет Ерлан Қошқарбаев болмағанда. Қазақтың құдығынан су ішіп, соңында түкіріп кеткендердің қатарына Ерлан Қошқарбаев та бар. Фамилиясынан да таныған боларсыз? Иә, атақты Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың немересі. Міне ол:

 

Бұл ол үшін – абырой, тиісінше мәртебе.  «Отанымды және казачествоны қорғауға ант етемін!» деп Құранды сүйіп, ант етті.

Құрынын ұстап, Ант берсін, туын сүйгені не қылғаны?! Қой, олай емес шығар десеңіз,- міне көріңіз әлгі «жүгірмектің» не бүлдіргенін: 

 

Бұдан басқа Асылхан Артықбаев деген тарихшысымақ біреу жүр, «Отан шекарасының 
күзетін казактардың қолына беру керек» деп шатты-бұтты бірдеңесін айтып.

 

Бұл дегеніңіз – тап-таза аюдың аузына өзің барып түсу ғой. Тарихшы болмақ түгілі, есі дұрыс бір қазақ ондайға көне ме? Әрине, жоқ! Соңғы кезде қаптап кеткен одақтардан бас тарта алмай діңкелеп жүргенде, шекараны казактарга тапсырып қою – өз көріңді өзің қазумен пара-пар дүние емес пе?! Артықбаевтан әлгі Талға пен Алмабектің жауаптары артық па дедім...

Мүмкін, сіз айтарсыз, «мұнда тұрған ештеме жоқ. Казачество ол әскери тап қана»,- деп. Бірақ сол казактардыңа, Қазақстан халқы Ассамблеясына ұлт ретінде тіркелуін қайда қоямыз? Респуб­ликада 12 филиалы бар «Союз казаков Степного края» деген өңірлік қоғамдық бірлестікке қатысыпты. Далақтап, интернет ақтарған деректер осылай дейді. Қауымдастыққа «большой круг», «атаман» дегендер басшылық жасайды екен, ал бұл сөздердің төркіні әскери қызметке байланысты емес пе, осы?! Мәселен, «әскери шеңбер» («войсковой круг») – казактардың жалпы жиналысы. Мұнда атаман сайланады. Ал оның күн тәртібінде қандай мәселе қаралады десек, орыс зерттеушілері оны: «Войсковой круг решал вопросы объявление войны и заключения мира, посылки войск царю, а также приема и отправки посольств. На кругу «дуванили», т.е. делили добычу и государево жалованье» делінген. Сонда біздің «төл казактарымыз» мұндай басқосуда қандай проблеманы талқылайды?- деген заңды сұрақ туындайды.

Казактардың өмір сүрулері бізге ұқсайды. Қой бағады, жылқы ұстайды. 

 

Үйлері ағаш үй. Жылқы демекші жәй жылқы емес, ақылтекелерді үйір-үйірімен кісінетіп отыр. Мақсаты – ақылтекемен абройлы көріну. Түбінде не жатыр дейсіз ғой? Өздеріне қосылғандарға ат сыйлап, қатарларын көбейту.

КАЗАК – ҚАЗАҚҚА ТУЫС ПА?! 

Казактар Қазақ жеріне қашан келді? Қазіргі «Жетісу және дала казактары» деп жүргендер кімдер?! Шаң-шаң архивті қопармай-ақ, шежіреден яки болмаса қазақ ауыз әдебиетінен алып қарайын десең кей кісілер «эмоцияға толы» деп кісімсінуі де мүмкін. Хош, олай болса Ресей мұрағатын қопарайық. Казак жазушысыУсов былай дейді: «Сібір казак әскерлері Жайық және Дон казактары сияқты өз бетінше өніп шыққан жеміс болған жоқ. Оны қолдан жасап шығарған үкімет еді. Халықтың еркінен тыс, түрлі әкімшілік реформаларды жүзеге асыру арқылы, жер ауып келген немесе қылмыскер әйелдерге үйлендіре отырып, казактардың қатарын жасанды түрде көбейте алды. Сондай-ақ оларға қоғамдық және өзін-өзі басқару мекемелерін ашып берді… Осының бәрі айналып келгенде, қазақ даласын отарлау үшін жасалған шаралар еді».

Казак отаршыл орыстардың қолындағы шоқпары еді. Оған қандай дәлелің бар десеңіз: «Бірінші болып орыстардың Орта Азияны отарлаудағы біздің мемлекетімізге сенімді тірек болатын негізгі күші – казактар екенін көрсетті. Казактарды басқыншы күш ретінде пайдалана отырып, оларға басып алған жерлерін беру, арттарына аландамайтындай жағдай жасау арқылы біз көп жеңіске жете аламыз. Басып алған жерлерін өз меншігіне иеленген казактар, сол жерді кеңейту үшін-ақ, өздері жаңа жерлерді жаулай береді. Соның арқасында Ресей ол жерлерде де өз заңы, үкімін жүргізіп, бұратаналарды босқын етіп, тіпті оларды орысқа сіңіріп жіберіп отыра аламыз»-дейді орыстың Дукнасов деген авторы.

 Жеңімпаз ойына келгенді істейді. Ал жеңілген көну керек. Себебі ол жеңілді. Римнің бір данышпаны осылай деп сөз қалдырыпты. Айтылғандай-ақ екен. Біз жеңілдік. Орыс ойына келген ойранды жасады. Казактың қосындары тым қатігездік танытты. Оған дәлелді Түркістанның генерал-губернаторы болған Кауфманның Ташкент ақсүйектерінің алдында сөйлеген сөзінен табуға болады: «Бастапқы кезде біздің казактар қарақшылардан кем болмай, қазақтарды тонаумен айналысты. Сол казактардың бір тобы Ұлы жүз қазақтарының ауылдарына таңға жақын басып кіріп, бүкіл жылқыларын айдап және 3 мың қазақты өлтіріп кеткен. Осының арқасында олар қомақты пайда тауып отырған».

Аз десеңіз тағы қосайын, онда казактардың озбырлығында шек болмаған. Алатау дуан бастығының полиция басқармасына жіберген №55 бұйрығында мына жағдайды көрсетеді: «Жыңғылды пикетінің жанында қыстап отырған Тіленші бидің ауылына түнде 3 орыс келіп, өгізі мен сиырын алмақ болғанда, әйелі сиырдың дауысынан оянып үйінен жүгіріп шығады, сол кезде олар әйелдің басын жарып, өлтіріп кетеді». Енді сіз айтыңызшы: казак – қазаққа туыс па?

Казактар қазақтарға шағымданып,

Путинге хат жазды

 Айтпақшы шын-өтірігі белгісіз Оралдағы бауырларымыз  казактарға күн көрсетпейді екен. Тіпті олар, яғни казактар Оралдағы қазақтардың үстінен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге де шағым хат жолдапты.  Хатқа қол қойған атаман Вячеслав Юрьевич Солодилов (суретте).

"Қазақтар бізді әбден басынып бітті. Өз тарихи отанымызда, ата-бабамыздың жерінде өмір сүре тұра ит көрмеген қорлықты бастан кешірудеміз. Барлық жерде қазақша сөйлеуге мәжбүрміз. Елбасы өзі бас болып халықпен біздің ұлы орыс тілімізде сөйлесе де төмендегілер одан үлгі алудың орнына біздің азаматтық құқығымызды аяққа таптап қазақша сөйлеседі. Барлық мемлекеттік мекемелерде, қоғамдық, медициналық, әлеуметтік, сот, құқықтық мекемелерде ақпараттар қазақша жазылады. Бұл бізді қорлау емей немене?!

Қазақтарға қырсыққанда бұл жерден көшіп кеткіміз-ақ келеді. Бірақ ата-баба мекенін біз кетсек кім қорғайды? Осы жерді қорғау үшін 20 жыл бұрын құрылған Ұйымымыз талмай жұмыс істеп келеді. Бірақ бізді соңғы кезде қазақтар мүлдем қорлап бітірді. Жауынгерлік рухымызды таптап біздерге мереке-тойда ән салдырып, би билетіп әртіс қылып жіберді. Біз би билеу үшін емес, қылышымыз жалаңдап жерімізді қорғау үшін жаратылдық емес пе?! Мұндай қорлықтан бізді арашалап алыңыз, Владимир Владимирұлы!"

Ол қаланы жылумен қамтамасыз ететін "Жайықжылуқуат" АҚ-да коммерциялық директор болып жұмыс атқарады. Оның қол қою үлгісін танитындар хат соңында қойылған күмәнсіз өз қолы деп отыр.

Айтарға сөзім жоқ! Казакты қазақ қорлап отыр ма, қазақты казак қорлап отыр ма?! В.Солодиловтың мемлекеттік маңызы бар, стратегиялық нысанда лауазымды қызмет атқару құқығын кім берген?! Ондағы прокуратура қайда қарап отыр? 

 ТҮЙІН

Тағы қайталаймын, Казактар – Поляк, неміс, осман түріктерінің түртпектеуінен қашып, Еділ, Дон өзендерін паналаған славяндардың жырындысы.

Казактар 1990 жылы КСРО Жоғарғы Кеңе­сі­не Қазақстанның біраз аймағын Ресейге қосу жөнінде үндеу-хат тапсырған. Оны былай деп дәлелдейді: 1920 жылы РСФСР Совнаркомының шешімі бойынша Қазақ Республикасын құрғанда оның құрамына казактар тұратын «исконно русские территории» кіріп кеткен. «Сейчас это области – Уральская, Гурьевская, Кокчетавская, Павлодарская, Семипалатинская и некоторые другие» екен («Труд», 15.09.1990). Көрдіңіз бе, мәселенің төркінін?!

Біреуді тәлкі ету немесе әшкерелеп жиіркенішті көрсету емес. Мақсатым: өзім қатарлы қазақ жастарының көзін ашып, көкірегін ояту. Санымыз не бәрі 16 немесе 17 миллионның әржақ -бержағы. Ал біздегі ұлттар мен ұлыстардың есептеңіз. 200-ден асып шығылады. Есептеп болсаңыз, әр қайсысы осылай 5-10-нан бөліп алғанда бізге несі қалады?!

Хош, тарих пәнінен сабақ берген ұстазым Нұрбеков Жомарт: «Мына сендер, тарихты терең білулерің керек. Сонда ғана Отанды шын сүйіп, кімнің дос, кімнің жау екендерін шын мәнінде үғынасыңдар. Достарың алыста, ал жауларың аттарыңды жамылып қастарыңда жүруі мүмкін» дейтін. Көп хоштай бермеуші ем. «Өткен күн өтті, өткенді қозғап не керегі бар еді?!» - дейтінмін. Сөйтсем, тарихыңды танымай өтсең, өкінер дүниең тым көп болады екен. Әйтпесе, ата жаудың атауын алғаның қай сасқаның?! Көзім жетті. Бізге тарихты жәй оқу жеткіліксіз, тереңдете оқуымыз керек. Айтпақшы осы тарих демекші соңғы кездері «Қазақ тарихын 1991-ден бастау керек» деген көпірме сөздер көбейіп кетті. Айтарым: Тарих – тариф емес, оп-оңай ауыстыра салатын. Онсыз да мыңдаған құжаттар басқа елдердің мұражайында жатқаны аздай, миллиондағаны ашылмай бәз қалпында жатыр.  Тайға таңбаны не үшін басады, білесіз бе?! Жоғалмасын, адаспасын -,деп. Демек, тай – біз, таңбамыз – тарих. Бір ғана ой, бір ғана мақсат, бір ғана тілек: таңбамызбен қоса тентіреп кетпесек болғаны. 

Нұрбол  ҚАБИ

Арқалық қаласы

 Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036