Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2024
Билік 6610 0 пікір 1 Сәуір, 2014 сағат 17:14

ЕЛІМІЗДЕ ЗЕЙНЕТАҚЫ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕР ӨСТІ

Бүгін, 1 сәуір күні елімізде зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер мөлшері өсті.

Аталған жағымды жаңалық, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған тиісті заңнамалық түзетулер аясында жүзеге асып отыр. Атап айтсақ, зейнетақы мөлшері өсуінің жалпы көлемі 2014 жылы 14 пайызды құрайды. Базалық зейнетақы 12 пайызға өсіп, 10 мың 450 теңгеге жетеді. Оны 1,9 млн. зейнеткер алады. Еңбек зейнетақысының орташа мөлшері 14 пайызға, яғни 46 мың 661 теңгеге дейін өседі. Асыраушысынан айырылуына байланысты және жасына қарай арнайы мемлекеттік жәрдемдер және бала туу, бала күтімі бойынша жәрдемақылар жыл басында көтерілген 7 пайыз ескеріле отырып, 12 пайызға дейін өсіріледі.

Мүгедектігі бойынша әлеуметтік төлемдер мөлшері орташа есеппен 21 мың 323 теңгені, асыраушысынан айырылуына байланысты төлемдер 19 мың 804 теңгені, жасына байланысты төлемдер 10 мың  450 теңгені құрайды. Ал аса зиянды және аса ауыр жұмыста болғандарға мемлекеттік жәрдемдер мөлшері тиісінше 15 мың 512 теңге мен 17 мың 451 теңгені құрайды. Сонымен қатар азаматтық қызметкерлердің еңбекақысы 10 пайызға артады. Үкіметтің мәліметтері бойынша мұны 1,5 млн.-ға жуық адам алады.

«Егемен Қазақстан» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2025