Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3404 0 пікір 28 Мамыр, 2009 сағат 20:22

Мақпал Исабекова ресейдi бағындырмақ

Бүгiн жас әншi Мақпал Исабекова өзiнiң жеке концертiн бермекшi. Осыған орай, кеше “Астана” қонақүйiнде әншiнiң продюссерi Эрик Тастанбеков, Мақпалмен бiрлесе бiрнеше ән жазған Ресей әншiлерi Доминик Джокер және Сергей Жуковтың қатысуымен баспасөз-мәслихаты өттi.
2003 жылы “Superstar.kz” тележобасына қатысқан Мақпал аз уақыттың iшiнде тыңдарман қауымның жүрегiнен орын тептi. Оның әншi Иван Бреусовпен бiрiге жазған “Қараша” (“Ноябрь”) әнi 2004 жылы ресейлiк “Московский комсомсолец” газетiнiң пайымдауынша жылдың ең үздiк әнi аталды. 2005 жылы Мақпал тағы бiр рет бағын сынамақ болып, “Жаңа толқын” жас әншiлер байқауына қатысып көрермендер көзайымы аталымы бойынша үздiк болса, 2006 жылы елiмiздегi “Тарлан” сыйлығының “Музыка” аталымы бойынша иегерi атанды.

Бүгiнгi шығармашылық кеш Мақпал Исабекованың екiншi рет талғамы биiк тыңдарман алдында есеп беруi. “Қазiргi кезде әншiлер жекелеген кештерде ән шырқайтынын бәрiмiз бiлемiз. Бұл концертте Мақпал өз тыңдармандары алдында тiрi дауыста ән шырқайды, әрi бұл кеш оның тыңдармандары алдында толыққанды есеп беруi болмақ”, – деп атап өттi әншiнiң продюссерi Эрик Тастанбеков. Сондай-ақ, кеште Роза Рымбаева, Батыр, Айқын, Доминик Джокер, Сергей Жуков сияқты әншiлермен қатар “101”, “К7”, сынды топтардың өнерiн тамашалауға болады. Кешке “Асем-ай” компаниясы, “Start Media Group” продюссерлiк орталығы және “Sunsilk” сауда белгiсi қолдау бiлдiрдi.
Баспасөз-мәслихатынан ұққанымыздай, Мақпал Исабекованың Ресейдi де бағындырмақ ниетi бар екен. Бұған дейiн де Мақпал Ресейдiң Доминик Джокер сынды әншiсiмен бiрiге ән жазды, бейнеклиптерiн көптеген әншiлер қатарлы көршi өзбек ағайындарға емес, кәсiби шеберлiгi әлдеқайда жоғары ресейлiктерге түсiргiздi. Мақпал ендi әншi Батырхан Шүкенов, “A Studio”, “Мюзикола” топтары сияқты отандастарының iзiн жалғамақ. Әрине жоғарыда аталған шоу-бизнес өкiлдерiнiң Ресей эстрадасында өзiндiк орны, сүйiп тыңдайтын тыңдарманы бар. Мақпал да Ресейдi тамсандырар деген ниеттемiз.

Әйгерiм БАҚЫТҚЫЗЫ
«Түркістан» газеті 28 мамыр 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347