Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2024
Билік 7714 0 пікір 22 Сәуір, 2009 сағат 06:00

ЖОЛДАУ: ІСКЕРЛІК ҚҰЖАТЫ

Елеусін Сағындықов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, экономика ғылымдарының докторы

 Елбасының Қазақстан халқына «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» атты Жолдауы қазірдің өзінде тарихтан өз орнын алды. Бұл ғаламдық экономика дағдарысы жағдайында Қазақстанды тиімді дамыту стратегиясын қамтамасыз ететін іскерлік құжаты болып табылады.

Міне, сондықтан да Қазақстан Президентінің Жолдауы халықаралық маңызға ие, өйткені онда көтерілген проблемалар ұлттық деңгейден жоғары болып отыр. Халықаралық сарапшылардың болжамы бойынша, алдағы жылы әлемнің барлық елдерінде экономикалық өсім қарқыны бәсеңдейді, ал дағдарыс тенденциясы күшейеді. Үстіміздегі жылдың қазан айында Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) жариялаған баяндамада еуромаусымда тежелу 40 пайызға жету мүмкіндігі айтылды. ХВҚ, сондай-ақ 2014 жылы әлемдік экономиканың өсімі 3,4 пайыздан 3,3 пайызға дейін төмендейді деген болжам жасады. 2015 жылы бұл көрсеткіш қор бұрын болжаған 4 пайыздың орнына 3,8 пайыз деңгейіне түседі деп күтілуде. Сондықтан әлемнің барлық мемлекеттері экономикалық және саяси бағыттарына түзету енгізуден қашып құтыла алмайды. Бірқатар мемлекеттер ұлттық экономиканы ғаламдық құлдыраудан сақтап қалудың амалдарын қазірдің өзінде қарастырып жатыр.

Әлемдік тежелулерге қарсы шараларды ертерек қабылдағандар тиімді нәтижеге де қол жеткізе алады. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы 2007-2009 жылдардағы отандық тәжірибеге жүгіне отырып, өзінің халыққа Жолдауында еске алды. ҚР Үкіметінің 2008-2010 жылдарға арналған кешенді бағдарламасында көрсетілген әлемдік дағдарыстың әсерін төмендету жөніндегі шаралар сол кезеңде анағұрлым бірізді және қажеттілікке сай болғанын шетелдік және отандық сарапшылар әлі күнге дейін айтып жүр. Қазақстан Президентінің бұл бағыттағы іс-қимыл стилі мен әдістерін әлдеқашан әлем мойындады.

Тәуелсіздік жылдары Президент пен Үкімет дер кезінде қолданған алдын алу принципіне құрылған мемлекеттік басқару тәсілдері арқасында Қазақстан көп нәрсеге қол жеткізе алды. Кең көлемді жекешелендіру бағдарламаларына көшу барысында, ұлттық валютаны енгізу кезінде, елге қажетті шетелдік инвестицияны тартудың бірінші кезеңінде, ұлттық қор құру және мемлекетімізді дамытудың басқа да күрделі жағдайларында — әрқашан осылай болған еді.

Бұл аталған жағдайлардың бәрі еліміздің басшылығы қазіргідей жеңіл емес уақытта да бізге беріліп отырған мүмкіндіктерді оңтайлы пайдаланып, сондай-ақ сыртқы ортадан келуі мүмкін қауіптерді дер кезінде қайтарып, ең күрделі процестерді тиімді басқарып шығады деген сенімді ұялатады. Бұл жерде де, әрине, біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі өлшеусіз деп білеміз.

Біздің бәрімізді, қазақстандықтарды әлемде болып жатқан процестерге орай «кілтті бұрап қоя салып» және «қатал үнемдеу мен барлығына шектеу қойылды» деп ел алдында барынша ақталуға жол берілмегені қуантады. Біз өзімізге үйреншікті ортада өмір сүргіміз келеді және ертеңгі күнге сенімді болғымыз келеді. Оның үстіне алдағы жыл Қазақстан мемлекеті үшін даңқты оқиғаларға толы болмақ. Бұл — ДСҰ-ға кіру жылы, ҚР-ның Еуразиялық экономикалық одақ аясында қызметті бастау жылы, Конституциямыздың 20 жылдық мерейтойы жылы, Жеңістің 70 жылдығы жылы, сондай-ақ 2015 жыл — Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы. Бұл даталардың бәрі де жақын қалды және мерекелер мен оқиғалар біріктіретін біздің бәрімізге ортақ даталар, бұлардың бәрі халықтың бірлігін және өз Президентіне — Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевқа сенім арта отырып, кез келген дағдарыстың алдын алуға дайын екенін көрсетеді.

Мемлекет басшысының Жолдауында дағдарыс жағдайында мемлекеттің экономикалық саясатын қайта межелеу болатынын әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғаны атап айтылды. Біз мұндай қайта бағдарлауға дайынбыз, өйткені мұның алдында болып өткен дағдарыс жағдайында ұлттық экономиканың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды нығайтып алдық. Осыған орай 2015 жылды «Қазақстан — 2050» жаңа ұлттық стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі саналы іс-қимыл жылы деп атауға болады. Бұлай деп сенімді түрде нықтап айтуға негіз бар.

2013-2014 жылдары жаңа Стратегия талаптарына сәйкес негізінен салалық және функционалдық стратегиялық бағдарламаларға, мемлекеттік сектордағы ұлттық компаниялар мен кәсіпорындардың стратегияларына түзетулер енгізу аяқталды. Сонымен бірге, мемлекетті дамытудың жаңа тұжырымдамасын, оның ішінде «жасыл» экономикаға көшу, елдің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру және басқа да тұжырымдама жасалды, әлі де жалғасып жатыр. Алдағы жылы «Қазақстан — 2020» мемлекеттік стратегиялық жоспары аясында бірінші бесжылдықтың міндеттерін аяқтау мақсатты және көпжоспарлы жұмыстың нәтижесі болып табылады. Мұның бәрі ел экономикасын дамытудың инновациялық моделіне барынша жақындатып қана қоймай, сонымен қатар, экономикалық өсімнің жаңа сапалы деңгейіне шығуды сипаттайды.

Енді жаңа, бұрынғыдан да көлемді мемлекеттік бағдарламаларды белсенді жүзеге асыру кезеңі келді. Мәселен, 2015 жылы Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының (2015-2019 жылдарға арналған МИИДБ) екінші бесжылдық кезеңін жүзеге асыру басталады, Президент атап өткендей, оған 100-ден астам шетелдік компаниялар қатысады деп күтілуде. Соған сәйкес, өңірлік деңгейде тиісті аумақты дамытудың жаңа бесжылдық бағдарламасы орындалатын болады. Барлық деңгейдегі басқару иелерінің стратегиялық аспектілері анықталғанын ескере отырып, жүргізіліп отырған барлық экономикалық және әлеуметтік процестерді бағындыруға болатынын нық сеніммен айтуға болады. Бұл Қазақстанға қазірдің өзінде бар жоспарлар мен бағдарламаларды жүзеге асыру үшін ынтамен жұмыс істеуге және алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін сенімді түрде алға ұмтылуға негіз болады.

Біздің ойымызша, МИИДБ мәні мен мазмұны бойынша ІІІ дүниежүзілік өнеркәсіп революциясының бастауы жағдайында өзінің дамуын басқару жөніндегі Қазақстанның кешенді іс-қимыл жоспары іспеттес деп айта аламыз. Бұл кезеңде ол Қазақстанның жаңа экономикалық саясатының анағұрлым басым бағыттарына жатуы кездейсоқтық емес.

Осылайша, Қазақстанның әлемнің 30 дамыған елінің қатарына қосылуы жолындағы маңызды құрал және «Қазақстан — 2050» Стратегиясында белгіленген мақсатты міндеттерді жүзеге асырудың басты кезеңі «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы болып табылатыны анық. Президентіміздің жаңа Жолдауында ұсынылған іс-қимыл кең қамтылған бағдарламасы Қазақстанның қол жеткізген экономикалық өсім әлеуетіне сүйеніп жасалғаны анық көрінеді. Дәл сол діңгек бүгінгі күні бізге инфрақұрылымдық нысандар құрылысы, қаржы секторын кең көлемде сауықтыру, маңызды әлеуметтік проблемаларды, оның ішінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, тұрғын үй құрылысы, білім беру, денсаулық сақтау секілді салалардағы проблемаларды шешудің орасан зор мәселелерін орындауға мүмкіндік береді. Бұл міндеттерді табысты орындау үшін біздің бәрімізге Президенттің Жолдауын тағы да мұқият оқып шығып, бірнеше бағыттың әрқайсысының терең мәнін түсіне білуіміз керек. Мемлекет басшысының Жолдауында дағдарыстық жағдай алдында біздің экономикалық саясат контрциклдық сипатқа ие болуы тиіс екендігі бірнеше рет атап көрсетілген. Бұл экономикалық салада жасалып жатқан түбегейлі шаралардың ағымдық сипаттағы қауіптен туындайтын ұлттық экономиканы қорғауға бағытталуы тиіс екендігін көрсетеді. Ең алдымен, бұл мұнай бағасының түсуіне, валюта курсының өзгеріп отыратынына және басқа себептерге байланысты. Бұл жоспардағы шаралар ішінен Қазақстан банктерінің несиелік желісін тарта отырып, шағын және орта бизнесті несиелеуге 300 миллиард теңгеден астам көлемде қосымша қаржы бөлінуін өз мерзімінде қабылданып отырған шара деп есептеймін, оның ішінде бұл қаржының жартысынан астамы 6 пайыздық жеңілдікпен 10 жылға беріледі, жеңілдік несиелері біздің кәсіпкерлерімізге өздерін нығайтып, бәсекелестікке қабілеттілікке қарай жылжуға, жаңа нарық белестеріне, сонымен қатар, әлемдік нарыққа шығуға көмектеседі.

Оның үстіне дағдарыс жағдайында мұндай мүмкіндіктерді анық жүзеге асыруға болады, ал ұлттық қордан бөлінетін жаңа транш дағдарыс жағдайында мемлекетіміз қолдау жасап отырған кәсіпкерлеріміздің әлеуметтік жауапкершілігін арттырады.

Бюджеттік реттеу көрсеткіштерін түзету де дағдарысқа қарсы мемлекет қабылдап отырған шаралардың маңызды аспектісі болып табылады. Қазіргі кезде Парламент Сенаты 2015-2017 жылдарға арналған үш жылдық бюджетті қарап жатыр. Бюджет саясатындағы өзгерістерге талдау жасау кез келген мемлекеттің жаңа дағдарыстық жағдайда стратегиялық жоспарлау мен стратегиялық болжам жасау тәсілдеріне жүгіне отырып, қалай әрекет ету керектігін ойлауға қажетті салмақты ақпарат болып табылады.

Бұл мысал біздің депутаттық корпус үшін де көрнекі құрал іспеттес, өйткені бюджеттік реттеу технологиясын меңгеру — парламентарийдің басты міндеттерінің бірі. Мәселен, сыртқы және ішкі факторларды есепке ала отырып, республиканы әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған Болжамының базалық сценариінің қажетті параметрлері қаралған. Оның ішінде 2015 жылға мұнай бағасының болжамдық деңгейі бір баррелі 90 доллардан 80 долларға дейін төмендеген. 2016-2019 жылдарға бір баррельге 90 доллар деңгейі сақталған. Металл бағасы 2015 жылы сақталған, 2019 жылға қарай қазіргі деңгейден 5,4 пайызға өседі деп болжанған.

Бұдан шығатыны, 2015 жылы ЖІӨ 43 721,3 миллиард теңге көлемінде болады, 2019 жылға 70 753,6 миллиард теңгеге жетеді деп болжануда. Жан басына шаққанда ЖІӨ 2015 жылы 13,5 мың доллардан 2019 жылы 20,8 мың долларға дейін ұлғаяды.  Болжам бойынша ЖІӨ-нің нақты өсімі 2015 жылы 4,8 пайыз, 2016-2019 жылдары 5,3-6,7 пайыз деңгейді құрайды деп күтілуде. Мұнымен қатар мұнай өндіру көлемі мақұлданған көлемде сақталады, 2015 жылы 81,8 миллион тонна, 2019 жылға қарай 96 миллион тонна құрайды.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2015-2019 жылдарға қайта қаралған болжамына сәйкес, экономиканы дамытудың консервативтік нұсқасы негізінде республикалық бюджеттің 2015-2017 жылдарға арналған жоба параметрлері қайта қаралды. 2015-2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың мақұлданған болжамы бойынша 2015 жылға арналған бюджеттің шығыс бөлігі 2013 жылы осы кезеңге (2013-2015 жылдарға болжам) бекітілген көрсеткішке қарағанда ұлғайғанына назар аударуымыз керек. Егер бұдан бұрын 2015 жылы 7 234,2 миллиард теңге көлемінде жоспарланса, қазір 7 835,1 миллиард теңгеге ұлғайтылып отыр немесе өсім 17,9 пайыз, яғни 601 миллиард теңге. Бұл көрсеткіштер — еліміздің экономикалық әлеуетінің және бүгінгі мемлекеттік менеджмент пен тиімді қаржы инвестициялық, инновациялық саясат жетістіктеріне сүйене отырып, экономикалық дағдарыстың алдын алу үшін нақты мүмкіндіктерді нығайтудың бір дәлелі.

Ұлттық қордан бөлінетін кепілді және мақсатты трансферт кірістің тұрақты көзі болып табылады. 2015 жылы бюджетке ұлттық қордан 2 418,2 миллиард теңге бөлінеді. Бұл республикалық бюджет шығындарын толық қаржыландыруға және республикалық бюджетте көзделмеген бірқатар болжамдар мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Тіпті Еуропаның дамыған елдері мұндай қаржылық реттеулерді оң тәжірибе деп есептейді, Қазақстан осыны үйренуі тиіс.

Мына маңызды аспект мұның дәлелі болып табылады. Президент Жолдауында Қазақстанның жаңа экономикалық саясаты елімізді инфрақұрылымдық дамыту жоспарының діңгегі екені атап көрсетілді. Мемлекет басшысының бұл жобасы стратегиялық маңызға ие екені сөзсіз, өйткені жүзеге асыру мерзімі бойынша МИИДБ-ның екінші кезеңімен тығыз байланысты және оның логикалық жалғасы болып табылады. Жоспар Солтүстік және Оңтүстік, Шығыс және Батыс бойынша таралатын кең көлемді және панорамалы, көлік саласының негізгі секторларының — әуе, теміржол және автомобиль жиынтығын құрайды. Көлік саласының барлық жобалары қымбат екенін ескерсек, бүгінгі күні мұндай міндеттерді орындауға кез келген мемлекеттің күші келе бермейді.

Қазақстандықтар үшін ел аумағының үлкен және әртүрлі климаттық жағдайына байланысты бұл жобаны жүзеге асыру өмір сүру жағдайымыздың мейлінше жоғары болуына, өмір сүру сапасының әлемдік стандарттарға жетуіне мүмкін екенін білдіреді. Барлық 7 инфрақұрылымдық жоба іске асқан жағдайда, мұның бәрі жақын жылда жүзеге асырылады, еліміздің барлық аумағы үлкен құрылыс аумағына айналады. Бірнеше мың құрылыс нысандарында жүздеген, жүз мыңдаған жаңа жұмыс орындары пайда болады. Бұл — Қазақстанның жаңарған тарихының жарқын да оған тән құбылысы.

Дегенмен алдымен инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру Президенттің іс-қимыл бағдарламасының белгілі бір бағыттарының үлкен мультипликативті тиімділігіне жетуге болатынын көрсетеді. Мәселен, инфрақұрылымдық жобаларды жасау саланың ғылыми-техникалық әлеуетін іске қосу мүмкіндігін ғана емес, сонымен бірге, жаңа инвестициялар тартуға ықпал етеді.  Соған сәйкес инвестициялық ахуалды жақсартуға, шетелдік инвесторлармен және халықаралық қаржы институттарымен іскерлік және қаржылық байланысын нығайтуға жағдай жасайды. Ол, сондай-ақ, жаңа технологияларға сүйене отырып, экономиканың әртүрлі салаларындағы инновациялық белсенділікті ұлғайтуға, оның ішінде жаңа инновациялық өндірістер ашуға ынталандырады. Бұл ауқымды міндетті орындау зерттеу әлеуетін одан әрі жандандыруды және шетелдік жаңа технологиялық трансфертті талап етеді, бұл Қазақстанда ғылымды көп қажетсінетін экономиканың моделін іс жүзінде жүзеге асыру элементі болмақ. Оның үстіне Мемлекет басшысы атап өткендей, қазірдің өзінде 10 тірек университеті анықталды, сол университеттердің базаларында ғылым мен экономиканың басым салалары арасындағы байланыс және кадрлар даярлау қамтамасыз етіледі. Сөз арасында айта кету керек, Президент Жолдауында атап өтілгендей, тек осы мақсаттар үшін материалдық-техникалық базаны нығайтуға 2017 жылға дейін 10 миллиард теңге бөлінеді. Ғаламдық экономиканы дамытудың жаңа жағдайларында атқарылатын мемлекеттің іс-қимыл бағдарламасының жоғарыда қаралған бағыттарында халықты әлеуметтік қорғауға және мейлінше өмір сүру жағдайын жақсартуға арналған әлеуметтік сипаттағы шаралар толық қамтылған, бұл да Президенттің ойлау қабілетінің тереңдігін және көрегендігін көрсетеді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының инфрақұрылымдарын, су және жылу желілерін жаңғырту сияқты жобалар зор шығынды және көлемді инвестициялар, оның ішінде шетелдік инвестициялар тартуды талап етеді. Мемлекет басшысының Жолдауында бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін бюджетте қаралған қаржыдан басқа жыл сайын 300 миллиард теңгеге дейін бөлінетіні қаралған, халықаралық қаржы институттарының, жеке инвесторлардың қаржылары тартылады.

Қазақстандық агломерация құру аясында халықтың қоныс аударуы жиілейтіндіктен Жолдауда тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту шаралары қаралған. Оның ішінде мемлекет болашақта сатып алу құқығы берілетін әлеуметтік арендалық тұрғын үй құрылысы жүргізілетін болады. Бұл әлеуметтік масылдықты жоятын дұрыс тәсіл және бұл тұрғындардың маңызды әлеуметтік проблемаларын шеше алады. Білім беру және денсаулық сақтау салалары бойынша арнайы тоқталудың қажеті бола қоймас, өйткені бұл салалардағы проблемаларды шешу біздің елімізде тұрақты және жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді, оған бөлініп отырған қаражат көлемі де ұлғайып отыр. Апаттық жағдайдағы мектептер мен 3 ауысымда оқыту проблемаларына арналып қосымша 70 миллиард теңге бөлінеді. Мектепке дейінгі ұйымдардағы мәселелерді түбегейлі шешу үшін 3 жылдың ішінде 20 миллиард теңге жұмсалатын болады. Өз жұмысымның тәжірибесінен білемін, Президенттің өңірлік әкімдерге жеке секторды тарта отырып, бұл жұмыспен барынша айналысуды тапсыруын өте дұрыс болды деп санаймын. Бұл мемлекет, халық және жеке сектор арасындағы ынтымақтастықтың тағы бір формасы болмақ, күш біріктірілген жағдайда маңызды әлеуметтік мәселе шешілетін болады.

Сонымен, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған бұл Жолдауына жан-жақты талдау жасасақ, ғаламдық экономикада, оның қаржылық құрылымында  болып жатқан проблемаларға қарамастан, республикамыздың барлық азаматтарының тұрмысын жақсарту жөніндегі бұрын белгіленген міндеттерді табысты орындауға және әлеуметтік-экономикалық өсімді одан әрі көтеруге мүмкіндік береді деп түйіндей аламыз. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саяси бағыты болашаққа есептелген, оны әрқашан бүге-шігесіне дейін іс жүзіне асырамыз. Оның негізінде ұлттық экономиканы жаңғыртуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әрдайым жаңашылдық идеясы жатады. Бұл инновациялық ресурс Мемлекет басшысының «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» Жолдауында да көрініс тапқан.

Абай.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2027