Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3639 0 пікір 4 Мамыр, 2010 сағат 06:15

Премьер-министр министрліктердің стратегиялық жоспарларындағы кемшіліктерді атады

Астана. 4 мамыр. ҚазТАГ - Айгүл Түлекбаева. Премьер-министр Кәрім Мәсімов министрліктердің стратегиялық жоспарларында нақтылық жоқ деп сынға алды.

Премьер-министрдің тапсырмасымен орталық органдардың 2009 жылға стратегиялық жоспарларының сараптамасы жасалды. Оның барысында белгілі бір олқылықтар анықталды.

«Мемлекеттік органдар көптеген стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді және оларға қол жеткізудегі көрсеткіштерді атайды.  Жекелеген стратегиялық жоспарларда көрсеткіштердің саны жүзден асады. Көптеген стратегиялық жоспарлардағы көрсеткіштер мемлекеттік органдар орта мерзімді келешекте қол жеткізуді жоспарлап отырған нәтижелерді емес, олардың ағымдағы қызметін суреттейтін шараларды көрсетеді», - деді К. Мәсімов сейсенбі күні үкімет отырысында.

Сондай-ақ, ол кейде «стратегиялық жоспарлардың мақсаттары мен бюджеттік бағдарламалардың арасында нақты байланыстың» жоқтығын айтты.

Осыған байланысты Кәрім Мәсімов экономикалық даму және сауда, қаржы министрліктеріне 20 мамырға дейін стратегиялық жоспарларды әзірлеу үшін жаңартылған әдістемелік негіз дайындауды тапсырды.

«Стратегиялық жоспар мемлекеттік органдар қызметінің барлық салаларын қамтымай, негізгі стратегиялық бағыттар мен мақсаттарды көрсетуге тиіс», - деп мәлім етті министрлер кабинетінің басшысы.

К. Мәсімов стратегиялық мақсаттар мен міндеттер бюджет қаржысымен байланыстырылуы тиіс екенін атап өтті.  «Министрлік қаржыландыру жеткіліксіз болғандықтан жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізе алмады деген сөз болмау керек», - деп атап өтті ол.

Премьер-министр қаржы министрлігіне маусымның 1-іне дейін бюджеттік бағдарламаларды құруға, олардың мазмұнына, нәтижеге бағытталған бюджеттеуді ескере отырып олардың негізділігіне сараптама жасауды тапсырды. Экономикалық даму және сауда, қаржы министрліктеріне 1 қазанға дейін стратегиялық жоспарларды, меморандумдар мен бюджеттік бағдарламаларды кешенді бағалаудың жүйесін әзірлеу тапсырылды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3227
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5282