Шілдеде азық-түліктің бірқатар түрі қымбаттады
ҚР ҚМ КБК 2014 жылғы шілде айы ішінде бөлшек сауда бағаларымен салыстырғандағы орташа импорттық бағалар туралы жедел ақпаратын ұсынды деп хабарлайды Baq.kz ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2014 жылғы шілде айындағы орташа импорттық бағалардың жалпы төмендеуімен қатар жоғарылауы да байқалады дейді.
Бұл әсіресе жеміс және көкөністердің, капуста (41%), картоп (-20%), алма (12%), сарымсақ (-9%) қияр (-6%) және қызанақ (-5%) сияқты негізгі түрлерінің орташа импорттық бағаларына қатысты.
Сондай-ақ, шәйға (47%), печеньеге (30%), сиыр етіне (15%), бидай ұнына (27%) және макарон өнімдеріне (7%) орташа импорттық бағалардың төмендегені байқалады.
Сонымен бірге, жемістердің негізгі түрлері бойынша, жемістердің орташа импорттық және орташа бөлшек сауда бағалары арасындағы айырмашылық тұрақты болып қалуда және бұл жемістің ішкі нарығының импортқа тәуелді екенін көрсетеді. Көкөністердің орташа импорттық және бөлшек сауда бағаларының айырмашылығы ішкі нарықтың импортқа елеусіз тәуелділігімен түсіндіріледі.
Абай-ақпарат