Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 6565 0 пікір 5 Тамыз, 2014 сағат 17:44

АСҚАР АҚАЕВ ЕЛІНЕ КЕЛЕДІ

Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев мұнда өзіне қатысты қылмыстық істердің қозғалғанына қарамастан еліне келмекші. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Бұған дейін бұрынғы ел басшысының ағасы 82 жастағы Болат Ақаевтың көз жұмғаны жайлы Қырғызстандық БАҚ хабарлаған. Елге келмек болғанын «Мен ағамды соңғы сапарға шығарып салуға міндеттімін», – деп түсіндірген А.Ақаев.

Асқар Ақаев

Айта кетейік, Қырғызстанның алғашқы президенті 2005 жылғы төңкерістен соң елінен кетіп қалған. Асқар Ақаев қазіргі күнде Мәскеудің тұрғыны. Ол өткен жылы өзінің ел басқарып тұрған кезіндегі қателіктері үшін Қырғызстан халқынан кешірім сұраған болатын. Қазақстан президентімен құдандалық қатынасы бар Асқар Ақаев биыл 10 қарашада жетпіс жасқа толады. Ол 1990 жылдан 2015 жылға дейін Қырғызстан билігінде болды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1536
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3316
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6021