Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Билік 6647 0 пікір 8 Шілде, 2014 сағат 10:35

В.Путин: Нұрсұлтан Назарбаев - көреген саясаткер, өз елінің нағыз көшбасшысы

Ресей басшысы Владимир Путин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады РФ Президентінің баспасөз қызметі.

Ресей Президенті өз құттықтауында Н.Ә.Назарбаевтың отандастарының шынайы құрметіне бөленгенін, сондай-ақ парасатты әрі тәжірибелі саясаткер, өз елінің нағыз көшбасшысы ретінде жоғары халықаралық беделге ие екенін атап өткен.

В.Путин сонымен бірге, Қазақстан тарихындағы әлеуметтік, экономикалық және сыртқы саяси жетістіктерге толы тұтас бір кезеңнің Н.Назарбаевтың есімімен байланысты екенін атап өтті.

Сонымен бірге, В.Путин Н.Ә.Назарбаевтың Ресей мен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастықты нығайтуға қосқан үлкен үлесіне де тоқталып өткен.

Ресей Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Еуразиялық одақ құру туралы идеясы тарихи мәнге ие деп атап өтті. В. Путин 2015 жылдың 1 қаңтарынан іске қосылатын ЕАЭО-ны құру туралы ортақ шешім одаққа кіретін елдердегі халықтың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік беретіндігіне сенім білдірді.

Сөзінің қорытындысында В.В.Путин Қазақстан Президентімен арадағы сенімді, орныққан достық қарым-қатынасты жоғары бағалайтынын және екі елдің болашағы үшін бірлескен жұмыстар жалғаса беретініне үмітті екенін жеткізді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Қазақстан мен Ресей басшылары телефон арқылы сөйлескен болатын. Онда Ресей Президенті В. Путин Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаевты туған күнімен тағы бір мәрте құттықтаған еді.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3530