Жұма, 26 Сәуір 2024
Өз сөзім... 8492 0 пікір 27 Маусым, 2014 сағат 10:41

ЕРБОЛ АҚШОЛАҚОВ. САСПА, САПАРБАЕВ!

 

 «Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан» демекші, жыбырлап тисетін әдетіміз көлеңкедей  арттан қалмайтыны жаман. Осы аптада шығыстағы ұлы Абайдың ескерткіші  әртүрлі әңгіменің арқауы болды. Біреулер дәл осы сәтті пайдаланып, Сапарбаевты аяғынан шалудың әрекетін жасап жүр. Тіптен дүркіретіп мақала жазып, ақындар өлең шығарып кетіпті. Недеген пысықпыз, ә! Түймедейді түйедей қылып көрсету – үй ішінен үй тіккендердің ежелгі әдеті ғой! Егерде маған халықтың ортасында жүрген қай әкімді қолдайсыз десе, онда мен қос қолымды төбеге көтеріп,  «Сапарбаев» дер едім. Себебі Бердібек мырза халықтың ортасында жүрген азамат. Күйі кетіп, сапасы сын көтермеген Шығыс Қазақстан Облысын жандандырып, тіршілігін қалыпқа түсірген әкімге алғыс айтқанның орнына қарғыс жаудырғанымыз күнә емей немене!? Тырнақ астынан кір іздеп, азаматты қаралау арымызға сын. Жетімін жылатпай, жесірін қаңғыртпай, мұң-мұқтаждарын тыңдап тиісті көмегін көрсетіп отырған әкім болса, ол – Сапарбаев екені даусыз.

Әкімдердің дені «ұялшақтық» дертінен айыға алмай жүр. Олар халықты қабылдамақ түгілі ел алдына шығып сөз сөйлеуден жасқанады. Олар екі жыл облысты басқарып, үш жыл Астанада қызмет атқарып, халықтың қазынасын қазанымен жұтып, ұлтарағынан бастап алтынмен аптатып, күміспен қаптатып, жетінші жылы Храпунов сияқты шетел асады. Ал Президенттің тапсырмасын мүлтіксіз орындап келе жатқан Сапарбаевты құбыжық етіп көрсету – менменсіген надандардың ісі екені анық.

Біз білетін Бердібек ұлы Абайдың, ұлы Мұхтардың топырағына су сеуіп, полигоннан уланып көз ашпаған халықтың маңайын нұрландырып жүр. Ен даланың бойына қан жүгіртіп, әдебиет пен мәдениетті өркендетіп, ұлт қайраткерлерінің ізін жоғалтпай, том-томдап кітап шығарып та жатыр.

Ендеше, Сапарбаевқа тек қана, сәт-сапар!

 

Ербол Ақшолақов         

Abai.kz

0 пікір