Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Көршінің көлеңкесі 6339 0 пікір 26 Маусым, 2014 сағат 20:56

Украинадан шыққан босқындарды Қазақстан қабылдамады

ИА «NewTimes.kz» сайты u24.ru. сайтына сілтеме жасай отырып, Украинаның Донецк облысынан бассауғалап шыққан босқындарды қабылдамағанын хабарлайды.

u24.ru. сайтының жазуына қарағанда,  Донецк облысынан шыққан алты баласы бар екі отбасы Троицк қаласында ұсталған көрінеді. Олар Ресей-Қазақстан шекарасында төлқұжаттары мен өзге де қажетті  құжаттары болмағандықтан ұсталған. Босқындар өздерінің аты-жөндерін жасырып, ержеткен балалары мен күйеулерінің Гороловкада қалғандарын айтқанға ұқсайды. «Екі отбасы да жуырда құжатқа қатысты мәселелер біржақты шешімін тауып, Қазақстанға барып қоныстанатындықтарына сенімді екендерін айтады» дейді  украиналық u24.ru. сайты.

Беделді пікір білдіріп, алысты болжайтын қазақстандық саяси сарапшылар бұндай жағдайдың бола қалуы туралы ештеңе демегендерімен, қазақ баспасөзінің өкілдері Ресей Украинадан ағылатын босқындарға «қарық» болатындығы туралы болжам жасаған еді. Алайда, олар сол босқындардың алды Қазақстанға қарай құйылатындығын ескермеген сияқты…

Abai.kz   

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3530