Жұма, 29 Наурыз 2024
Қоғам 11773 0 пікір 25 Маусым, 2014 сағат 13:09

ОДАҚТАН ҚАШАН «ШЫҒАМЫЗ»?

29 мамырда дүйім жұртқа жар салып, төрт тарапқа дүбірлетіп 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейтін Еуразиялық Экономикалық одақ мүшесі болуға қол қойдық.  Қол қойыла сала жұмысы әлі басталмаған одақтың ұшан теңіз пайдасын көріп жатқан өндіріс орындары туралы мемлекеттік БАҚ бетінде ақпарат көбейіп кетті.

Иә, біз аса көрегендігімізден одаққа мүше болдық. Тауар өндірушілеріміз өз тұтынушыларының көлемі 10 есе ұлғайғанына қуануы тиіс. Тіпті ЭАЕО-ның пайдасы біз ойлағаннан да мол болуы мүмкін. Оны уақыт көрсетеді. Әйтеуір осы одақтың болашағына сенгіміз келмеген біразымыз Еуроодақ туралы айтылғанда амалсыз одақтас болуға көне бердік. Еуроодақ ЭАЕО-ны дәріптейтін үлкен мысалдардың бірі. 62 жыл бұрын негізі қаланған, құрамында 400 миллиондай жан саны бар, экономикалық қана емес саяси да сипаты бар бұл ұйым әлемдегі ең көп мемлекеттер біріккен одақ болып саналады. Бірте-бірте ауқымы кеңейген Еуроодақ шынында да үлкен стратегиялық ұйым. Тұтас Еуропа Еуроодақтың арқасында бірге көркейіп, гүлденді. Осы Еуроодаққа бәсекелес болатын, өзіндік нарығы бар, тек экономикалық одақ болып құрылғалы жатқан ЭАЕО-дан неге қорқайық, көне бердік.

Алайда біз бәсекелес боламыз деп одақ құрып жүргенде Еуроодағыңыз ыдырайтын түрі бар. Tengrinew.kz сайты англиялықтардың  Еуроодақ құрамынан шыққалы жатқаны туралы ақпарат таратты. Бұдан бұрын осы елдің үкімет басшысы Дэвид Кэмерон Ұлыбританияда Еуроодақ құрамынан шығуға қатысты 2017 жылдың соңында референдум өткізілетіні туралы айтқан. Әрине, елдің билігі бірден шешім шығара салмай, халқымен санасып сауалнама жүргізіп көріпті, ондағы статистикалық деректер сауалнамаға қатысқан респондеттердің 48 пайызы жоғары және орта дәрежеде Ұлыбританияның Еуроодақ құрамында болуына қарсылық білдіріп дауыс бергенін көрсетсе, ал респонденттердің 37 пайызы оларға кері көзқарас білдіріпті.

Қазақстан әсілі Одақ деген сөзден қорқатын. Себебі біз тәуелсіздік ала сала ТМД-ны құрғанда бұрынғы Кеңес Одағын ойға түсірмеу үшін жаңа шартта «одақ» деген сөз «достастық» сөзімен ауыстырылған еді. Біле білсеңіз осы ТМД-ны біз Тәуелсіздік алмай тұрып құрып тастағанбыз. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды СССР құрамындағы елдер арасында ең соңғы болып қабылдады. Осыдан 8 күн бұрын, желтоқсанның 8-інде Минскіде (Беловеж) Ресей, Беларусь және Украина басшылары кездесіп, 1922 ж. КСРО құрылуы туралы Келісімі істен жойылғандығы және ТМД құрылғандығы туралы келісімге қол қойды. Ортақ визалық режимі болудан артық пайдасы болмаған достастықтан 2009 жылы Грузия шықты. Украина бұл достастықтан шығу мәселесін қарастырып жатыр.

Біз Ресеймен шекарасы ең ұзын көрші ғана емес, бірнеше ұйымда(ТМД, кедендік одақ, ЕАЭО) бір қазанда қайнап келе жатырмыз. Өзге мемлекеттерден гөрі өздерін «тәуелсіз» сезінетін 15 мемлекеттің «достастығы» былай қалып, КСРО-ны еске түсіретін «Одақ» сөзі бар ЕАЭО-ны құрып жатқаны қызық. Күндерден бір күн осы ЕАЭО ыдырайтын жағдай бола қалса өзіміз бастап құрған одақтан тағы ең соңғы болып шығып жүреміз бе, кім білсін?!

 

Нұрғали Нұртай

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1580
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3606