Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 12644 0 пікір 24 Маусым, 2014 сағат 11:00

«АБАЙ» ЕСКЕРТКІШІ АЛЫНЫП ТАСТАЛДЫ

Шығыс Қазақстан облысының орталығы – Өскемен қаласында Абай мен Михаэлиске орнатылған ескерткіштің суреті кеше әлеуметтік желіде пайда болып, үлкен талқылау туғызды.  Журналист Қанат Оралбек жариялаған суретте Қазақтың ұлы ойшылы Абай аса бір жағымсыз кейіпте мүсінделгені анық көрінеді. Абайды мазақ еткен ескерткішке байланысты Abai.kz сайтында «Абайды мазақ ету – қазақты мазақ ету»  атты мақала шыққан болатын. Айта кетерлігі ескерткіш ешқандай салтанатты жағдайда емес, елеусіз уақытта орнатыла салған.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар өзінің «Twitter» әлеуметтік желідегі блогында Облыс басшысының нұсқауымен Өскемен қаласы әкімдігінің ескерткішті алып жатқаны туралы жазды.

Қателік кетті, ескерткіш алынды.  Дұрыс, іс осымен біте ме?! Жұрт шуламаса, Абай, дана  Абай емес-ау, қазақ қорланып қала беретін бе еді? Ескерткіш атаулы орнатылар алдында идеологиялық, тарихи және басқа да сараптамадан өткізілуі керек қой.

Болған жәйтке байланысты біз Өскемен қаласының әкімдігінің баспасөз өкілі Аяужан Әшімоваға хабарласқан едік, ескерткішке қандай мемлекеттік мекеме тапсырыс бергені, және мүсіншілері кім екенін және ескерткішке қанша қаражат төленгенін білгіміз келген жазбаша сұрауымызға төмендегідей жауап алдық:

«Өскемен қаласында 22 маусым күні Абай даңғылы мен Михаэлис көшесінің қиылысында Абай мен Михаэлиске арналған ескерткіш орнатылған. Бірақ тапсырыс беруші қалалық әкімдік тарапынан ескерткіштің о бастағы бекітілген макетке сәйкессіздігі анықталған болатын. Қалалық билік Ұлыларын ұлықтауды ойлап, қос данаға арналған  тамаша ескерткіштің жасалуын күткен еді. Қазіргі кезде ескерткіш қайтадан авторлардың шеберханасына қайтарылды. Ескерткіш дайын болғанда қайта орнатылады. Авторлары  Владимир Самойлов пен Евгений Непьянов. Ескерткіш фибробетоннан жасалған. Ал технология бойынша мұндай материалдан ескерткіштер 10, әрі кетсе 30 күн  ішінде жасалады. Ескерткіштің құны ол дайын болғанда анықталады. Әзірге  ескерткіш авторларына ешқандай қаражат төленген  жоқ.» Сондай-ақ Аяужан Әшімовамен телефон арқылы болған әңгімемізде ол ескерткіштің түнде орнатылғанын растады. Оның себебін жол қозғалысына кедергі келтірмеу әрекеті деп түсіндірді.

Өскемен әкімдігінің баспасөз өкілінің жауабынан түйгеніміздей қазақты мазақ еткен мүсінді Владимир Самойлов пен Евгений Непьянов жасаған. Жұрттың дабылымен алынып тасталған ескерткіш осы мүсіншілерге қайтадан қайтарылыпты. Алғашқы жасауын оңдырмаған олар дана Абайдың тұлғалық келбетін бейнелей алама?!

Жалпы, мұндай сұмырай «ескерткіштер» еліміздің облыс орталықтарында жетіп-артылады. Соның бірі – Ақтөбедегі «Қан мен тер» романының кейіпкерлеріне қойылған төмендегі «құбыжықтар» болып табылады:  

 

Нұрғали Нұртай

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5375