"УКРАИНАДАҒЫ СЕПАРАТИСТТЕРГЕ КӨМЕКТЕСУ ЗАҢСЫЗ"
Мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаев Украинадағы сепаратистерге көмектесуге шақырып, жылу жинап жатқандар міндетті түрде жауапкершілікке тартылуы тиіс екенін айтады.
- Біз Украинаның Тәуелсіздігін, территориялық тұтастығын мойындаймыз. Егер Украинаның Тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығына қайшы әрі нұқсан келтіретін қандай бір іске жылу жиналып, жәрдем ету ісі жасалып жатса, ол – заңсыз.
Жауапты мемлекеттік мекемелер мұндай оқиғаларға заң жүзінде шара қолдануы керек. Өйткені, Қазақстан өзімен тарихи және экономикалық байланысы тығыз Украинаның Тәуелсіздігі мен бостандығын құрметтейді.
Естеріңізге сала кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысы мен Қостанай облысының тұрғындары Украинаның қарулы күштерінен «зәбір көрген» Донбасс қаласының тұрғындарына гуманитарлық көмек жасамақ болып қаржы жиған еді: http://abai.kz/post/view?id=894 , http://abai.kz/post/view?id=917
Материал ratel.su сайтынан алынып, мемлекеттік тілге аударылып берілді.
Abai.kz