Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4448 0 пікір 9 Маусым, 2014 сағат 14:57

ДОНБАСС ТҰРҒЫНДАРЫНА «КӨМЕК» КӨРСЕТПЕК

 

Шымкент жергілікті тұрғындары Украина күштерінен «зәбір көрген»  Донбасс қаласының тұрғындарына гуманитарлық көмек жасамақ. Бұл туралы «Мегаполис» басылымына сілтеме жасап Tengrinews.kz жазды.

Белсенділер бірнеше сайт арқылы қала тұрғындарына мынадай хабарлама таратып, көмекке шақырған:

«Көмекке мұқтаж қала тұрғындарына моральдық және материалдық көмек етейік, қарулы күштердің әрекеттерінен бейбіт тұрғындар зардап шегуде, кінәсіз адамдар ажал құшуда. Донбасс қаласы қазір Славянск және Донецк қаласы сияқты гуманитарлық апат астында қалып отыр».  Сондай-ақ хабарлама мазмұнында қалаға ауыр соғыс қаруларынан, тіпті әуеден оқ жаудырылғаны жазылған. Әрі Донецкі мен Луганск облыстарының басқа да бірнеше қаласында жағдай мәз емес екені айтылған. Белсенділер хабарлама соңында қала тұрғындарын  бұл хабарламаны еш талқылап жатпай-ақ көмек беруге шақырған.Бұл туралы Тимофей Зайцев есімді белсенді: көмек ретінде кез келген заттың қабылдана беретінін айтып, «Украинаның бейбіт тұрғындары бізден бөлек емес, олардың аталары мен біздердің аталарымыз фашистермен бірге күрескен» деп қоса кеткен.

Еске салатын болсақ, сәуір айының ортасында Киев елдің шығысындағы жағдайды тұрақтандыру үшін мамандандырылған әскерилермен анти террорлық операция бастаған еді. Жоғарыда аталған облыстарды сеператистер тәуелсіз мемлекет деп жариялап, Украинаның тұтастығы туралы заңға қайшы әрекеттерге барған болатын.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371