Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3930 0 пікір 18 Маусым, 2014 сағат 11:05

Қазақтар КО бойынша беларустардың алдын орай ма?

Қазақстан өкіметі «елді Ресей мен Беларустің автоқұрастыру цехы етуге балама жоспарын жариялады» деп жазуда беларусь басылымы «Заутра тваей краiны».

Елбасы өткен аптада Қостанайдағы Toyota құрастыру өндірісін ашты. Мұнда сонымен бірге италиялық Iveco компаниясымен автобус және коммерциялық көліктерді біріге өндіру туралы меморандумға қол қойылған. Ақпарат көзі осындай бастамаларға қарай отырып, Қазақстан Беларусь пен Ресейге тұтаса бастаған автобазарда бәсеке болатын түрі бар деп атап өтуде. 

Toyota құрастыру жобасы әзірге жылына  3 мың авто шығаруға бағытталған және де теория жүзінде беларустар мүддесіне тек Geely и Chevrolet Tracker (2014 жылдың күзінен бастап шығарыла бастамақ) тиісе алар. Ал қазақстандық Toyota Fortuner алғашқы сатыда тек қана ішкі базарда сатылатын болады. 

Ал Iveco-мен біріккен жобаның орны бөлек. Қостанай дизел зауытының базасында жылына кемінде 25 мың автомобиль шығаратын өндірістің өз айтары болары сөзсіз. Және де бұл өнімдер Кеден одағының базарына шығатыны да жария етілді.

Бұл зауытта Iveco Daily и Iveco Power Daily секілді жеңіл автолардан өзге, МАЗ өнімдері шығатын сегментке жататын өнімдер де шықпақ. Бұл — ортатонналық және дизел жылжытқышты ауыр жүккөліктер мен қалалық төменеденді автобустар (қостанайлық нұсқада газдық жылжытқыштар орнатылмақ). 

Кеден одағына тиесілі аумақты Ресей мен Беларус өнімдері шетелдік маркаларды ығыстырып жатқаны шындық. 2014 жылдың бірінші тоқсаны бойынша шетмарка (иномарка) небәрі 41% үлес болса, ресейлік базарды ауыр жүккөліктерімен КамАЗ (40,3%) жаулауда. МАЗ бұл ұстаным бойынша 11,3% үлеспен үшінші орынды місе тұтты. Енді бұл базарға қазақтар кіріссе, тар бола бастайтыны түсінікті. Сондықтан беларустардың мазасыздануы тегін емес. 

Әзірге МАЗ бен КамАЗға қазақ-италяндық Iveco қаншалықты төтеп беретінін уақыт көрсетеді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5408