Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3857 0 пікір 28 Мамыр, 2009 сағат 20:45

Қазанның түбінде қаспағы ғана қалды…

Үкіметтің тоқпағынан соң, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау үшін Ұлттық қордан бөлінген қыруар қаражат екінші дәрежелі банктер арқылы, яғни тамыр бойымен ел экономикасының өн бойына жылдам тарай бастаған сияқты. Банктердің қазірге дейін аяқалысы жаман емес. Жобалар бойынша қазіргі игерілген қаржы сомасы 118 миллиард 813 миллион теңгеге жетіпті. Бұл «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры бөлген 127 миллиард теңгенің 94 пайызына жуығы. Қазанның түбі көрінуге де жақын. Шамамен 6-ақ пайыз игерілмеген қаржы қалды. Бұл қаспағы ғана. Қалай болғанда да Үкімет басшысының орынбасары Серік Ахметов ойындағысын жүзеге асыра алды.
«Менің ойымша, бөлінген 127 миллиард теңге мамыр айының соңына қарай толық игеріліп бітеді» деген болатын ол интернет-конференцияда. Негізінен қаржыны игеру жоспарлаған мерзімнен бір ай ерте бітті. Жоспар бойынша 1 шілдеде мәреге жетуге тиіс болатын. Екінші дәрежелі банктердің алғашқы қарқыны өте шабан болғанын айтуға тиіспіз. 16 наурызда барлық банктің игерген қаржысы бар-жоғы 10,3 миллиард теңге ғана еді. Ал қаржы ақпан айында бөлініп қойған. Осы үшін де Үкіметтің талай жиналыста жүйкесі тозған болатын.

Енді қаржыны игерген банктердің жағдайына көшейік. Қаржыны игеруде о бастан оқ бойы озық келе жатқан банк – «БТА Банкі». Аталмыш банкке шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға 22 млрд теңге қаржы бөлінген. Бірақ банк бөлінген қаржының үстінде 4,5 млрд теңгені өз қалтасынан артық жұмсаған. Яғни банк шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға жалпы сомасы 26 млрд 547 млн теңге бөлген. Банкке мұндай жомарттық қайдан келген деуіңіз мүмкін. Банк бар болғаны өз қаржылық саясатын орындаған. Өзінің клиенттерін жоғалтып алмас үшін банк осындай тәуекелге барып отыр. Үкіметтің бөлген қаржысы таусылды деп қол қусырып қарап отырмай, қордан бөлінген қаражат жетпей қалған клиенттерге өз есебінен қайта қаржыландыруға ақша бөлген. Бұл банктен барлығы 875 кәсіпкер несие алыпты.

Банктердің соңында сүйретіліп келе жатқаны – «Қазкоммерцбанк». Ол өзіне бөлінген 16 млрд теңгенің тек 53 пайызын ғана игерген. Тең жартысына жуығы шаң басып әлі жатыр.
Міндетінен уақытында әрі 100 пайыз құтылған банктер әзірге бесеу. Атап айтсақ: «АТФБанк», «Альянс Банк», «Каспий банк», «Цеснабанк» және «Астана-Финанс Банкі».
Аймақтардағы игерілген жобалардың бөліну жағдайына келер болсақ, шашасына шаң жұқтырмай алда келе жатқаны – Алматы қаласы. Ұлттық қордан бөлінген қаражаттан несие алушылардың жалпы саны – 2 мың 390. Соның 17 пайызға жуығы осы Алматы қаласына тиесілі, яғни 398 кәсіпкерлік нысан алматылықтар болып шықты. Әрине, бұл мегаполис қала үшін заңды да. Ал Шығыс Қазақстан облысы Алматы қаласын өкшелеп, екінші орында келеді. Бұл аймақтан 302 кәсіпкерлік құрылым несиеге қол жеткізген.
Дағдарыс жағдайында шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау екі бағытта жүргізілді. Біріншісі – бұған дейін алынған несиелерді қайта қаржыландыру, екіншісі – жаңа жобаларды қаржыландыру. Осы бағыттарға бөлінген қаржының үлесіне назар аударар болсақ, бұған дейін алынған несиелерді қайта қаржыландыруға жалпы соманың 53 пайызы бағытталған. Ал 47 пайызы жаңа жобалардың үлесіне тиген.
Несие алушылардың салаларға бөлінуі де көп нәрсені аңғартады (диаграммада). Елімізде несие алушылардың көбісі сауда саласындағы кәсіпкерлер (48 пайыз, яғни тең жартысына жуығы). Бұл жерде бір сұрақ туындайды: Еліміздің экономикасын дағдарыстан кейін қайта жаңғыртуға сауда саласы айтарлықтай үлес қоса ала ма? Әлде бұдан гөрі перспективасы айқын, көсегемізді көгертері даусыз салаларға күш салған жөн бе? Ондай салалардың нәтижесі ұзақ уақыт күттіретіні рас. Бірақ ертеңгі берер жемісі мол әрі баянды. Мәселен, олардың қатарына өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын қосуға болады. Өкінішке қарай, барлық жобалардың ішінен аталмыш салаларға қатысы бар несиеленген жобалар тек 7 пайызды ғана құрап отыр.

Салтан СӘКЕН
«Алаш айнасы» 28 Мамыр 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3222
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279