Сенбі, 23 Қараша 2024
Қауіп еткеннен айтамын 6276 0 пікір 11 Маусым, 2014 сағат 16:03

БҰЛ НЕ ҚЫЛҒАН ЖАНАШЫРЛЫҚ?

 

 

    Қазіргі таңда біздің Қостанайда «Донбасс балаларын құтқарайық!» деген ұран көтеріліп, біраз жұрт дүрлігіп жатыр. Әсіресе, орыстілді баспасөздің құдайы беріп қалды. Олар жоғарыдағы ұранды алаулатып ту қылып ұстаған электронды флешмобқа әлем жұртшылығы көз тігіп отыр, мұны бәрі қолдап жатыр деп әкелдері ұл тапқандай қуанып жатыр. Сол баспасөздің тілімен айтсақ, жаңағы сайттарға жер шарының барлық адамзат қауымы жанталасып қосылып жатқанға ұқсайды.

    Мұндай баспасөзге сенер болсақ, жаңағы акцияға қосылудың қиындығы жоқ көрінеді. Тек «Донбасс балаларын құтқарайық!» деген ұранға сурет қосып, интернеттегі өзіңіздің әлеуметтік желіңізге орналастырсаңыз болды. Ал мұндай сайттар толып жатқан көрінеді.

     Мәселен, осындай саттардың бірі—http//vk.com/public72169780 әлеуметтік желісіндегі желіккендердің бір тобы “Халайық, бірігіейік те, осыған қосылайық. Ондағылар біздің бауырлар ғой» деп көз жасын көлдетіп отырғаны байқалады. Ал ендігі бір http//Iikepic.ru/2014/save-donbass-children  сайтында Донбастағы қолына қару алып күрескен сепаратистердің балаларына қандай көмек көрсету керек екендігін тәптіштеп түсіндіріпті. Не деген жанашырлық десеңізші. Тіпті бір қызығы, мұндай акцияға біраз журналистер де бел шеше кірісіп кетіпті.

    Сонда мұндай арандатушылықтың сасық исі шығып тұрған акцияны қалай бағалаймыз? Өзіміз секілді кеше ғана тәуелсіздік алған елдің тұтастығына қарсы қолына қару алып қарсы шыққан теріс пиғылды сепаратистердің қолтығына су бүріккеніміз бе бұл? Украин халқы мұнымызды дұшпандық деп бағаламасына кім кепілдік береді?

    Айтпақшы, бұл бастамамыз ана Шымкентте де жалғасып тапқан көрінеді. Онда Донбассқа көмек деп әртүрлі азық-түлік пен дәрі-дәрмек жиналып жатқандығы туралы  Mail.ru мен Nur.kz секілді сайттар қуана хабарлап жатқандығын оқыдық. Сірә, бұл бастаманың бүкілхалықтық сипат алып кететін түрі бар.

Мұратбек Дәуренұлы.

Қостанай.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395