Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Қоғам 10114 0 пікір 6 Маусым, 2014 сағат 11:27

ҰБТ:100 БАЛЛ 300 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ САТЫЛЫПТЫ

Әр жылы оқу маусымы аяқтала сала Білім және ғылым министрлігі «келесі жылы дау болмайды, өзгеріс енгіземіз, ҰБТ-ның Форматы өзгереді» деп, құрғақ уәде бергенімен, біріңғай тесттің бітпейтін келеңсіздігі тағы қайталанады. Биыл да ҰБТ дау-дамайсыз өтіп жатқан жоқ. Әр жерден айғай шығып, ата-аналар базынасын айтып жатыр. Біздің редакциямызға Қарағанды қаласынан Өкімбаева Жаңагүл Серікқызы есімді ана хабарласты. Жаңагүл Серікқызы – 24 жылдық қызмет өтілі бар мұғалім. Жаңагүл Өкімбаеваның қызы Мәжетай Еркеназ Кәріғұлқызы – биыл мектеп бітіріп жатқан жас түлек. Ол Қарағанды облысы мұрагер мамандандырылған мектеп интернатының оқушысы. Еркеназдың анасының айтуынша,  сынақ кезінде кейбір оқытушылар тарапынан Еркеназға қысымдар жасалып, сынақты жақсы тапсыруына кедергі келтірген:

-         Балама қысым жасады, балам арқылы маған қысым жасады. ҰБТ-да өте үлкен әділетсіздік болды. Баламды өзінің сыныптастарымен емес, жеке кабинетке бөліп тастады. Бейсенбек Гауһар Ахмедиқызы деген сынама тест алып жүрген мұғалім ҰБТ-дан бұрын  «тест кезінде жалғыз отырғызып қоятыны» туралы  балама ескертіпті. Өзім былтыр 20 қыркүйекте осы мектептегі  ащы шындықты айтамын деп жұмыстан кеттім. 13 мамыр күні Астанаға,  адам құқықтары жөніндегі департаментке арыз жаздым. «Нұр Отан» партиясына да жаздым олар біз қарай алмаймыз дейді. Содан кейін қысым күшейді бізге. Әлде біреулер балама «саған қауіп бар» деп те ескертіпті. Балам психологиялық соққы алды.  Мектепте көп ақша жиналып жатыр. Қарағандыдағы ең қымбат «Ориста» деген ресторанда мектеп бітіруші түлектердің кешін өткізбек. Бұның артында адами фактор бар.

Балам тесттен 85 ұпай алды. Сынақ тесттерде 100 баллдан жоғары алып жүретін. 4 маусым  күні таңертең апелляцияға беруге барсақ, мектептің алдында кеше ілініп тұрған қағаз жоқ. 20 шақты  балаға 20-25 баллдан қосылып жазылып, басқа көрсеткіш қағаз ілінген. Мынау не деп ем, «кеше бізде техникалық қателік болды, Астанаға жібердік, түзетіліп осы қағаз келді» деді. Бір қыз бала жүрді кеше неге келмедіңіздер деп, 10 балл 50 мың теңге, 100 балл 300 мың теңге деген сияқты ақшаға сатылыпты. Ата-аналармен сөйлестім, кейбірі «біз алдын ала төлеп қойғанбыз, бізге мынадай балл қойып беруі керек» деп отыр.  Апелляцияны кешке дейін күттік, балл қоспады. ҰБТ әділетсіз өтті. Бұл қоғамдық індет,  -дейді Жаңагүл Өкімбаева.

 

 

Базына айтқан ана бізге сынақ болған 3 маусымда ілінген көрсеткіш қағаз бен ертесі ілінген нәтиже қағазының фотосуретін жіберді. Жиырма баллдық айырмашылықтар айғайлап-ақ көрініп тұр. Бір бала ғана емес, тұтас бір сыныптың тест қағазынан қателік кете қоюы мүмкін бе? Не десек те министр ауысқыш білім саласының былығы әлі көп екені анық.

 

Нұрғали Нұртай

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3530