Жұма, 25 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5101 0 пікір 26 Мамыр, 2014 сағат 11:07

ЕАЭО ҚҰРЫЛУЫ ЖЫЛДЫҢ БАСТЫ ОҚИҒАСЫ БОЛАДЫ – В.ПУТИН

Кедендік одақ пен Біріңғай экономикалық кеңістік елдері үшін 29 мамыр күні Астанада өтетін Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы Келісімнің құрылуы жылдың басты оқиғасына айналмақ. Бұл туралы Ресей Президенті Владимир Путин XVIII Петербург халықаралық экономикалық форумының пленарлы отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.

Ресей президенті өз сөзінде:  «Келісім 2015 жылдың 1 қаңтарында күшіне енуі керек. Жалпы халқы 170 млн адамды құрайтын үш елге ортақ экономикалық нарық құрылып, капитал, тауар, жұмыс күші мен қызмет еркін алмасатын боламыз. Кәсіпкерлік үшін мүмкіндіктер айтарлықтай кеңейіп, бірлескен инвестициялық және кооперативтік жобаларды іске асыруға, макроэкономикалық саясат келісімдерін жүргізуге, сыртқы нарықты үйлестіруге мүмкіндіктер ашылады», - деген.

Ол сондай-ақ енді құрылатын Еуразиялық экономикалық одақ пен Еуропалық одақ қатынасын дамыту жайын да сөз еткен.

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1470
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3090
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1095
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1022