Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4352 0 пікір 22 Мамыр, 2014 сағат 15:14

ҚАЗАҚ ХАНЫ ИРАНҒА ШАҚЫРЫЛҒАН ҚОЛЖАЗБА ТАБЫЛДЫ

Қазақстан тарихшылары бұл күнге дейін белгісіз болып  келген құжаттар мен қазақ ханының парсы жеріне барғаны туралы қол жазбаны тапты. Аталған қолжазба шығыс елдері мен қазақ хандықтары арасында биік деңгейде қарым-қатынас болғанына дәлел бола алады.  Бұл туралы Zakon.kz жазды.

Соңғы жылдарда қазақ хандықтары туралы терең зерттеу жүргізіп жүрген Ғалия Қамбарбекова Иранға барған ғылыми экспедициясында қазақ хандары туралы жазылған қолжазбаға жолыққан. Иран ұлттық кітапханасында маңызды құжаттармен бірге сақталған Қолжазба парсы тілінде  жазылыпты. Сарай хатшысының қалдырған естелігінде қазақ ханы елшілігі Иранға келгені туралы жазылған.

Аталған хатта төмендегідей мәтін бар: «Қасым ханның елшілері Иран шахының сарайына мынадай уақытта келді. Және өзімен бірге сарайға көптеген сыйлықтар ала әкелді. Ал Иран шахы болса қазақ елшісін ризашылықпен қарсы алып, жауап хат жазып аттандырды». Бұл құжаттың маңыздылығы қазақ хандығы туралы жазылған нақты дерек болып табылады.

 

Абай-ақпарат

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5380