Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Қоғам 12672 0 пікір 5 Қаңтар, 2015 сағат 00:34

АЙТЫС ЛАҚТЫ...

Өзін, өнерін қадірлей білетін қазаққа қайталап жатудың қажеті жоқ шығар... Сонда да еске сала кетейік, айтыстың бірнеше түрі бар: сүре айтыс, түре айтыс, қайым айтыс, бәдік айтыс, жұмбақ айтыс, тау айтыс, т.б. Осы жолы Елордада айтыстың тағы бір түрі – лақпа айтыс жұртпен қауышты. Лақпа айтыстың «үлгісін» «Базар жоқ» театрының әртісі Қанат дейтін қара бала көрсетті. Қанат Әлжаппаров – «жұлдыз».  Көктегі емес, әрине. Осы күні жердегі «жұлдыздардың» жарығы көзді қарықтырып тұр ғой – өйткені еліміздегі БАҚ біткен басқа әңгімені тиып қойып «жұлдыздарға» қызмет етуге кіріскен. Енді, міне, айтыс та «жұлдыздарды» жарнамалауға жалданыпты.

... Сонымен, Елордада кәнігі айтыскерлермен жұлдыздар сөз додасына шықты. «Жұлдыздар» айтысты. «Жұлдыздардың» айтысы әлеуметтік желілерде кәдімігідей әңгіме болуда. Сол әңгімелердің бірінде қоғам белсендісі Мақсат Ілиясұлы: «Міне осындай айтыстардан кейін,   адуынды ақындардың арынынан, сынынан, шындығынан қорққан билік айтысты да «Нұр Отанға» қол-аяғын байлап берді. Қол-аяғы байлаулы, басынан бағы, аузынан шындығы кеткен қазақ айтысы шоу айтысқа, лақпа айтысқа айналды» десе, саясаттанушы Айдос Сарым: «Жаңа френдтаспаны қарап отырып, 20 шақты айтыс туралы сыни я оны келеке еткен жазбаны оқып шықтым.

Несіне таң қаласыздар? Бұл айтыстан мән кеткелі қашшшшан! Кім не десе, о десін, айтыс шоу емес! Айтыстың басты күші мен құдыреті - им-про-ви-за-ция! Яғни, таза шығармашылық, суырыпсалмалық! Ұнасын-ұнамасын, айтыстан жұрт ақындықты, шынайылықты күтеді. Жаттанды, репетицияланған, алдын-ала белгіленген, айқындалған дүниені айтыс деп атамайды, концерт деп атайды, ағайын! 4-5 жыл қатарынан көргеніміз айтыс емес, партиялық-спонсорлық концерттер.

Егер айтыс басталмай жатып, оның концепциясы жазылып тасталса, басты жеңімпазы - күнкөсем мен "нұр-партия" деп танылса, жүлдегері - чип-чип-томпақ болып бекітілсе, не қызықты күтіп едіңіздер?

Қысқасы "нұр-айтыстың" жаназасын шығарып, жерлей беруге болады.

Қазаққа керегі басқа айтыс. Балама айтыстарды өткізу керек. Мысалы, интернет-айтыстар.. Тағысын тағы...», - деп жазды.

Әрине, «жұлдыздар» айтысты екен деп, шын айтыстың бәсі түсіп қалмайды. Бірақ, ол үшін аузынан жалын төгілген ақындар ғана тіл безеп көп алдына шығуы керек. Ал, олар көрінбей барады.

Abai.kz

  

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2061