Сенбі, 3 Қазан 2026
Жаңалықтар 6811 0 пікір 26 Желтоқсан, 2014 сағат 19:39

5115 соғыс ардагері Елбасының атынан жаңажылдық сыйлықтар алады

5115 соғыс ардагері Мемлекет басшысы атынан жаңажылдық сыйлықтар алады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.   

Алдағы 2015 жыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы және ТМД елдеріндегі Ардагерлер жылы болмақ.

Жаңа жыл қарсаңында, 26 желтоқсан мен 30 желтоқсан аралығында Қазақстан Президентінің бүкіл еліміз бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлерін қолдау жөніндегі ТМД елдерінде баламасы жоқ, жалпыұлттық бірегей акциясы өтеді.

Республикада тұратын 5115 соғыс ардагерінің әрқайсысына облыс, қала және аудан әкімдері арнайы барып құттықтап, Мемлекет басшысы атынан жаңажылдық сыйлықтар жиынтығын тапсыратын болады.

Сонымен қатар, Қазақстан Президентінің тапсырмасымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу жөніндегі арнаулы іс-шаралар жоспары бекітілді. 2015 жылғы 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні Мемлекет басшысының қатысуымен мерейтойлық салтанатты әскери шеру өткізу жоспарлануда. 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 489
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 731