Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3543 0 пікір 17 Желтоқсан, 2014 сағат 12:36

ТҚЖБ ТҮСІНДІРЕДІ: 3 жыл жинақтамай-ақ үй алуға бола ма?

СҰРАҚ:

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» шарты бойынша салым мерзімі 3 жылды құрауы керек. Егер мен депозит ашып, оған тұрғын үйге қажетті соманың 50 пайызын бірден салатын болсам, маған банк қалған 50 пайыздық тұрғын үй заемын бере ме?

Салтанат, Алматы қаласы.

ЖАУАП:

Егер сіз банк шарттарында көрсетілген мерзімнен бұрын тұрғын үй құнының 50 пайызын жинақтай алсаңыз, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» баспана алуға қажетті заемды 100 пайыз мөлшерде береді. Бұл жерде сізге берілетін заемның жылдық үстеме пайызына өзгеріс енгізіледі. Мысалға, сіз 3 жылда жинап болуға тиісті соманы 1 жыл ішінде жинап, банк заемын алғыңыз келсе, онда сізге банк тарапынан берілетін несие заемының жылдық мөлшерлемесі 5,0 пайыз емес, 7,5 – 8,5 пайыз аралығында болады. Яғни, банкпен шартта көрсетілгендей сіз мерзімінен бұрын алған заемыңызды қалған екі жыл бойына осындай пайызбен төлейсіз. Екі жыл өтіп, жинақ мерзіміңіз толық үш жылды құраған кезде, алған заемыңыз үшін төлейтін үстеме қайта қаралып, 5,0 пайызға төмендейді. Ары қарайғы төлем осы мөлшерде жалғаса береді. Демек, банк өз міндемесін орындайды. Ал, сіздің екі жыл бойына төлеп келген жоғарғы пайызыңыз мерзімінен бұрын алған заемның өтемі болады.

Абай-ақпарат.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415