Сенбі, 23 Қараша 2024
Мың бір мысал 8188 0 пікір 16 Желтоқсан, 2014 сағат 21:31

«ҚҰДАЙЫ» КӨРШІМІЗ ҚАНДАЙ КӨРШІ?

Беларусь елін билеп-төстеп отырған «Еуропадағы ең соңғы диктатордың» мемлекетімен, Ресей сияқты оккупант-мемлекетпен әзірге экономикалық сипатта «Одақ» болғанымыздың өзі Қазақстанның халықаралық беделін жермен-жексен етеді. «Қазақстанның қазір Ресеймен көрші» екені рас, оны картадан көріп те отырмыз: Ресейдің шекарасы әлемнің 10 шақты елімен шектесіп жатыр, соның ішінде Балтық елдері, Кавказ елдері, Монғолия, Қытай, тіпті Солт. Корея да бар. Соның бәрі Ресеймен «мәңгілік көршіміз» деп жар салып, «Одақ» құрып отырған жоқ.

Бір кезде Қазақ жерінің Ресеймен мүлде шектеспеген де кезі болған. Ресей Қазақстанмен қалай шектескенін, қалай көрші болғанын да естен шығармайық: Ресей империясы, Қазан хандығын, Башқұрт ордасын, Ноғай Ордасын, Астрахань хандығын және Сібір хандығын жаулап алды да, Қазақ жерімен кенеттен "көрші" болып шыға келді.

Сондықтан, ежелден басқыншы мемлекетті "Құдайы көрші" деп әспеттеудің қажеті жоқ. Өзбек, Башқұрт, Қырғыз, Түрікмен - міне, ежелден құдайы көршілеріміз. Ресейдің басқыншылық, империялық саясаты болмағанда, біз Ресеймен мүлде шекаралас та болмас едік, сонда төңірегімізді Түркі елдері:Ноғай, Татар және Башқұрт елдері, Сібір жұрты, Алтай және Тыва жұрты, Шығыс Түркістан, Қырғыз, Өзбек, Түрікмен елдері қоршап жатар еді.

Серікжан, abai.kz (comments)

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415