ТҮРКИЯДАҒЫ ҚАЗАҚТАР ТӘУЕЛСІЗДІКТІ ҚАЛАЙ ТОЙЛАДЫ?
Түрік жеріндегі қазақтар Еліміздің тәуелсіздік мерекесін тойлауды ерте бастап кетті. 3 Желтоқсан Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінде Қазақстанның Тәуелсіздігі күніне орай салтанатты қабылдау өткізіліп, оған Түркияның 11 президенті Абдұлла Гүл қатысты. Мың адамнан артық кісі қатысқан іс-шараға Түркияның экономика министрі – қазақ-түрік үкіметаралық экономикалық комиссиясының тең төрағасы Нихат Зейбекші, Түркияның энергетика және табиғи ресурстары министрі Танер Йылдыз, Түркияның білім беру министрі Нәби Авжы, Анкара әкімі Мелих Гөкчек, Түркия Қарулы әскерлері Құрлықтағы әскерлерінің қолбасшысы Хулуси Акар, түрік истеблишментінің өкілдері, парламентарийлер, Анкараның дипломатиялық корпусы, Түркияның қоғамдық-саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қоғамдастықтары, сонымен қатар қазақ диаспорасының өкілдері мен қазақ студенттері қатысты. Мерекелік құттықтау кешінің соңы концертке ұласты.
Түркияның әр бір қаласындағы қазақ студенттері де өз деңгіейінде Тәуелсіздік мерекесін құттықтап, түрлі іс-шара өткізді. Ыстамбұл қазақтары Тәуелсіздік күнін кең көлемде атап өтті. Жиын соңында Ыстамбұлдағы стуленттер футбол матчын өткізіп, достық кездесулер жасады. Бұл туралы әлеуметтік желіде Ыстамбұлдағы қазақ студенттер өкілі Ербол Серғали жазды.
Әлеуметтік желілерден басқа да қалалардағы қазақ балалары еліне дұғай сәлемдер мен құттықтаулар жолдап жатты. Кония қаласындағы жастар «Алаш идеиясын» дәріптеп, Тәуелсіздікке тағзым етсе, Түркияның Кастамону қаласы студенттері Тәуелсіздік мерекесін шағын концерттік бағдарлама өткізіп қарсы алды. Бағдарламада Желтоқсан оқиғасынан театрландырылған көріністер қойылды.
Қазақ елінің Тәуелсіздік мерекесіне Сакариядан да сәлем жолданды.
Ал, Анкара жастары Қазақ даласына төмендегілей бейнеролик арқылы құттықтауын арнады.