Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5454 0 пікір 9 Желтоқсан, 2014 сағат 14:16

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ ЖҮЙЕСІ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

«Абай.kz» порталының «Казақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ баспасөз қызметімен бірлесіп қолға алған ақпараттық  жұмыстарының нәтижесінде оқырмандар көңіліндегі көп сұраққа жауап іздеуге мүмкіндік алды.

Қоғамдағы ең өткір мәселенің бірі болып табылатын баспана жайы ешкімді бей-жай қалдырмайтыны белгілі. Тіпті, бұған дейін тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі туралы бейхабар болып келген оқырмандарымыздың қызығушылығы артып отыр. Сондай сауалдың бірі «Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі дегеніміз не, оның шарттары қандай?» деген сұрақ.

Сауалға «Казақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарушы директоры  Ерұлан Жамаубаев жауап береді:
- Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі дегеніміз - бұл тұрғын үй жағдайларын жақсартуға халыққа тұрақты, дербес несие беру жүйесі. Банктің барлық салымшылары онда ақша қаражаттарын жинақтайтын бір жүйеге біріктірілген. Тұрғын үй заемдары салымшыларға жалпы жинақтау жүйесінен беріледі.
Негізінен алғанда, салымшылар өздерін өзі қаржыландырады, ал банк тек оператор қызметін атқарушы болып табылады. Сондықтан тұрғын үй заемдары ең арзан және ең сенімді болып саналады. Жүйе шетелдік валюталы заемдарды пайдаланбайды, сондықтан да өткен жылдар дәлелдеп бергендей, әлемдік қаржылық дағдарыстардан сақтандырылған.
Ол Қазақстанның барлық азаматтарына бөліп-жарусыз (тіпті кірісі төмен болса да) баспана мәселелерін шешу мүмкіндігін беретіндігімен де бірегей жүйе ретінде танылуда

Абай -ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5381